Негізгі міндетіміз сапалы мемлекеттік қызмет көрсету!

Негізгі міндетіміз сапалы мемлекеттік қызмет көрсету!

Әр адам дүниеге келісімен оған көрсетілетін бірінші мемлекеттік қызмет – туу туралы куәлігін беру. Кейіннен білім алу, ауруханаға бару, үй салу, кәсіп ашу, үйлену, бала өсіру, оларды мектепке апару, жәрдемақы алу, жылжымайтын мүлікті тіркеу және т.б.

Біз мемлекеттік қызметті алуға жиі-жиі жүгінеміз, яғни мемлекеттік көрсетілетін қызметтер адам өмірінің айырылмас бір бөлігі.

Ақтау қаласының әкімдігі«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы 2013 жылғы 15 сәуірдегі №88 Заңына және бектілген мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне сәйкес 64 (84 кіші топ) мемлекеттік көрсетілетін қызмет түрлерін ұсынады.

2022 жылы қала әкімдігіне қарасты мемлекеттік қызмет көрсететін Өмірзақ ауылы әкімдігі, Ақтау қаласының қорғаныс істері жөніндегі басқармасы РММ және 9 мемлекеттік мекеме арқылы 90 (ЖАО-10, ХҚКО-44, Эл-75) мемлекеттік қызмет түрінен- 139508 қызмет көрсетілді. Оның ішінде электронды портал арқылы- 76912 қызмет көрсетілді.  Ал, 2021 жылы электронды портал арқылы 57579 қызмет көрсетілген еді.

Әкімдікпен көрсетілетін мемлекеттік қызметтерді:

  • Жергілікті атқарушы орган арқылы;
  • Мемлекеттік корпорация арқылы;
  • Электронды веб портал арқылы алуға болады.

Мемлекеттік қызметтерді көрсету кезінде халықтың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін сақтауды қамтамасыз ету белгілерінің бірі болып әкімшілік кедергілерді азайту, халыққа мемлекеттік қызметтерді көрсету тиімділігін арттыру және мемлекеттік қызметтерді сапалы көрсету болып табылады.

Қазіргі қоғамда мемлекеттік қызмет қоғам өмірінде үлкен орын алады. Көрсетілетін мемлекеттік қызмет сапасының деңгейі еліміздің экономикалық және әлеуметтік көрсеткіші болып табылады. Осыған байланысты, көптеген шет мемлекеттер мемлекеттік қызмет көрсету сапасының жоғары болуына және осы саланың дамуына үлкен мән береді.

Жалпы мемлекеттік көрсетілетін қызмет дегеніміз - көрсетілетін қызметті алушылардың өтініші бойынша жеке тәртіппен жүзеге асырылатын және олардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін іске асыруға, оларға тиісті материалдық немесе материалдық емес игіліктер беруге бағытталған жекелеген мемлекеттік функцияларды іске асыру нысандарының бірі.

Заман талабына сәйкес, қазіргі таңда мемлекеттік қызметтерді электронды түрде алу тиімділігін және қызметтерді алу тәртібін түсіндіру мақсатында жауапты мамандарымыз көптеген шаралар ұ йымдастырды. Оның ішінде әлеуметтік желілерге ақпарат жариялау, тікелей эфирлер өткізу, халық көп шоғырланатын жерлерде брошюра тарату, БАҚ беттерінде ақпараттар жариялау және т.б.  Мұндай шаралар  жыл сайын өз жалғасын табатын болады.

Мемлекеттік қызметтерді электронды түрде алу үшін қала аумағында 40 «Өзіне-өзі»  қызмет көрсету бұрыштары жұмыс жасап тұр.       

         Мемлекеттік қызметтерді электронды түрде алудың басты ерекшеліктерінің бірі–уақыттың үнемделуі. «Еgov.kz» порталының мүмкіндіктерін пайдалану үшін үйден шығудың немесе жұмыстан арнайы сұранудың мүлдем қажеті жоқ.

         «Электронды цифрлық қолтаңба, Электронды үкімет» - елімізге ашықтық пен құзырлы органдардың қолжетімділігін қамтамасыз етуде. Алдағы уақытта да халыққа тиімді тұстарды жетілдіретіні сөзсіз.

 

 

 

                                                               Ақтау қаласы әкімі аппаратының

                                                               мемлекеттік қызмет көрсетуді

                                                               мониторингілеу бөлімі

 

 

 

 

Мақала
Дата публикации
09 марта 2023