Құрылыс алаңының бүкіл периметрі бойынша биіктігі кемінде 3 метр болатын түрлі-түсті профнастилмен қоршалуы керек.
Егер құрылыс алаңы адамдар көп жүретін жерге іргелес болса, күнқағарды орнату міндетті болып табылады. Бұл ретте күнқағардың жолға қарай көтерілуі бұрышы 20 градустан кем болмауы тиіс.
Толығымен периметрі бойынша қоршауларды баннерлермен іліп қойыңыз. Бұл ретте құрылыс алаңының қоршауын ақаусыз күйде ұстау қажет.
Баннерлерде салынып жатқан объектінің тұрғын/түрғын емес үй жайларын сату туралы жарнамаға ТЫЙЫМ САЛЫНАДЫ!!!
Дайындық жұмыстарын жүзеге асыру кезінде құрылыс алаңында құрылыс паспорты бар белгі орналастырысы.
Паспортта төмендегідей ақпараттар көрстілуі қажет: тапсырыс берушілер, жоба авторлары, авторлық қадағалу мен техникалық қадағалауды жүзеге асыратын тұлғалар туралы, жүргізілетін құрылс-монтаж жұмыстары туралы мәліметтер (оның ішінде құрылыстың басталу және аяқталу мерзімдері туралы).