АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА БЖЗҚ өз қызметтерін көрсетуде QR-кодты алғашқылардың бірі болып қолданды

Енді зейнетақы төлемдерін тағайындау және деректемелерге өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу туралы өтініш берген кезде өтінішке QR-кодтың көмегімен қол қоюға болады.

       Естеріңізге сала кетейік, мерзімсіз уақытқа белгіленген 1 немесе 2 топтағы мүгедектікке байланысты БЖЗҚ-ға төлемдерді, сондай-ақ, ерікті зейнетақы жарналары есебінен төлемдер алуға өтініш беріледі. Бұрын мұны БЖЗҚ кеңселерінде немесе enpf.kz сайтындағы Жеке кабинетте электрондық цифрлық қолтаңба арқылы жасауға болатын. Енді ЭЦҚ-ны QR-кодпен қол қоюға ауыстыра аласыз. Сондай-ақ, QR-код enpf.kz сайтындағы Жеке кабинетте өз деректеріне өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу кезінде көмектеседі.

       Ол үшін enpf.kz сайтындағы Жеке кабинетке кіру керек. Мұнда көрсетілген қызметтерді таңдағанда «QR-мен қол қою» батырмасы қосылады. Қол қоюдың бұл әдісі eGov mobile интеграциясы негізінде жүзеге асырылады. Сондықтан пайдаланушы осы қосымшаны ұялы телефонына орнатып, оған кіруі керек. «QR-мен қол қою» батырмасын басқаннан кейін Қор серверіне сілтемені қамтитын QR-код жасалады. Бұл QR кодты EGOV mobile ұялы қосымшасының көмегімен сканерлеу керек, оның жоғарғы оң жақ бұрышында QR кодтарын оқуға арналған белгіше бар.

Дата публикации
15 февраля 2023