Маңғыстау облысының әкімі Н.А.Ноғаевтың Маңғыстау облысы тұрғындарымен кездесуінің қорытындысы бойынша (қалалар мен аудандар әкімдерінің тарапынан орындалатын) ІС-ШАРА ЖОСПАРЫ

«БЕКІТЕМІН»

Қала /аудан әкімі

___________

«___» _______2022 жыл

 

Маңғыстау облысының әкімі Н.А.Ноғаевтың Маңғыстау облысы тұрғындарымен кездесуінің қорытындысы бойынша (қалалар мен аудандар әкімдерінің тарапынан орындалатын)

ІС-ШАРА ЖОСПАРЫ

 

№

Іс – шара атауы

Жауапты

Мерзімі

Қаражат талап етіледі/ етілмейді

Шешу жолдары

 

1.         

Қаланы көгалдандыру мәселесі

(Қартбаев Аманжол)

Б.Орынбасаров

Н.Қилыбай

М.Альбекова

 

2022 жыл

желтоқсан

Қаражат талап етіледі

Орындалды

Қала аумағында 65300 жапырақты ағаш, 4401 қылқан жапырақты ағаш, 26670 текше метр бұталар, 5778 дара бұталар, 74353 шаршы метр көгал, 8706 гүлдер бар.

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Маңғыстау облысының әлеуметтік-экономикалық дамуына арналған кеңесте, облыс әкімдігне өңірді көгалдандыру жұмысын сапалы ұйымдастырылып, ағаш отырғызу мәселесін шешу тапсырмасына сәйкес, 2022 жылдың 2-ші жартыжылдығынан бастап               5 жыл мерзімге Ақтау қаласын көгалдандыру мемлекеттік-жекешелік әріптестік (МЖӘ) жобасы аясында жүргізіледі (жеңімпаз мекеме «Green City Aktau» ЖШС).

Жобаның жалпы құны 7,1 млрд. теңгені құрайды, жоба аясында жапырақты ағаштардан 20 905 дана, қылқан жапырақты ағаштардан 11 750 дана, сәндік бұталардан  146024 дана, бұталардан  24 000 м2, көгалдардан  5 000 шаршы метр, гүлзарлардан 652 500 дана, раушан гүлдерінен 18 000 дана егу жоспарланған.

Ағымдағы жылдың  басынан «Ақбота» МКК 4650 түп көшет отырғызды, оның ішінде 2650 қылқан, 2000 жапырақты ағаш. Қазіргі таңда «GreenCityAktau» ЖШС-гі 2581 дана жапырақты ағаш, 4000м бұталар, 1000м2 газон, 3600 дана раушан гүлін отырғызды.  Ұзындығы 55 шақырымды құрайтын қолданыстағы бар су құбыры қаланың орталық бөліктерінде, сондай-ақ саябақтар мен алаңдарда орналасқан (қажеттілік тәулігіне 1 200м3). Қазіргі таңда аталған құбырлардың 55 шақырымы іске қосулы

Сондай-ақ, ағымдағы жылы қаланың шағын аудандарының периметрі бойынша жасыл желектерді суару үшін қосымша қажет 120 шақырым суару құбырының МЖӘ жобасы бойынша «Green City Aktau» ЖШС-гі  ағымдағы жылдың аяғына дейін 40 шақырымын іске қосу бойынша жұмыстар атқарылды. Қазіргі таңда, 20 шақырымы іске қосылды (1,1а,2,3,3а,3б,шағын аудандар). Жаңадан салынған құбырлар
1 шағын ауданда орналасқан жер асты сумен суарылуда.

2.         

Жатақханаға орналастыру мәселесі

(Богданова Оксана)

Г.Қалмұратова Ә.Шопанов

Н.Қилыбай

 

2022 жыл

желтоқсан

Қаражат талап етілмейді

Орындалды, бақылаудан алу ұсынылады

35 ш/а орналасқан 200 пәтерлік  жатақханадан Богданова Оксанаға мүгедек баланы асыраушы болғандықтан 30.03.2021ж. аталған жатақхананың №17 пәтерінен 2 бөлмесі берілді. Сонымен қатар, жатақханада тұруына 29.09.2022ж. мерзімі бір жылға уақытша ұзартылды.

Дата публикации
10 января 2023