Қазақстан Республикасының "Құқықтық актілер туралы" Заңына және "Жергілікті қоғамдастық жиналысының үлгі регламентін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2017 жылғы 7 тамыздағы № 295 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2023 жылғы 16 қаңтардағы №3 бұйрығына сәйкес, Ақтау қалалық мәслихаты ШЕШТІ:
- "Өмірзақ ауылының жергілікті қоғамдастық жиналысының регламентін бекіту туралы" Ақтау қалалық мәслихатының 2018 жылғы 29 мамырдағы № 16/182 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 3654 болып тіркелген) келесідей өзгерістер енгізілсін:
4-тармақта:
оныншы абзац алып тасталсын.
- "Ақтау қалалық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен осы шешімді оны ресми жариялағаннан кейін Ақтау қалалық мәслихатының интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
- Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.