Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізілімін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қыркүйектегі № 983 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 29.11.2022 жылғы № 467/НҚ қаулысымен бекітілген мемлекеттік қызметтер тізіліміне сәйкес Ақтау қаласының әкімдігімен көрсетілуі тиіс қызметтер түрі – 64 (84 кіші топ).
2022 жылы қала әкімдігіне қарасты мемлекеттік қызмет көрсететін Өмірзақ ауылы әкімдігі, Ақтау қаласының қорғаныс істері жөніндегі басқармасы РММ және 9 мемлекеттік мекеме арқылы 90 (ЖАО-10, ХҚКО-44, Эл-75) мемлекеттік қызмет түрінен-139508 қызмет көрсетілді.
Оның ішінде Мемлекеттік орган арқылы (ведомстволық бағыныстағы мекемеде) қағаз түрінде көрсетілген қызметтің саны–306, «электрондық үкімет» веб-порталы және (немесе) мемлекеттік корпорацияарқылы көрсетудің мүмкіндігі бар мемлекеттік қызметтердің мемлекеттік орган арқылы көрсетілгені –2128, ХҚКО арқылы-60162, электрондық портал арқылы – 76912.
Бас тартылғандар саны – 20182, оның ішінде электрондық түрінде – 10568, қағаз түрінде - 9614.
Ақтау қаласының әкімдігіне қарасты Өмірзақ ауылының әкімдігімен 3 қызмет түрі көрсетіледі. Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру-55, Жер учаскесін алу үшін кезекке қою-9018, Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу-11.
Мемлекеттік қызметтердің көрсету сапасын бақылау бойынша 2022 жылы өткізілген іс-шаралар
Ақтау қаласы әкімінің 21.12.2021 жылғы № 47-ө «2022 жылға арналған мемлекеттік көрсетілетін қызметтер саласындағы заңнамасының және Қазақстан Республикасының өзге заңнамасының сақталуы бойынша Ішкі мемлекеттік бақылау іс-шараларының жоспарына» сәйкес, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бақылау іс-шараларының саны – 8.
Ішкі бақылау жұмыстары барысында мемлекеттік көрсетілетін қызметтер бойынша 627 кемшіліктер анықталды:
Бақылау шараларының нәтижелері бойынша берілген ұсынымдар саны – 66.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер бойынша 2022 жылы өткізілген түсіндіру жұмыстары туралы
Мемлекеттік қызметтерді электрондық түрде алудың тиімділігі және мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыру мақсатында қала тұрғындарына 2022 жылы 137 түсіндіру іс-шарасы (қатысушылар саны -2631) өткізілді (кеңестер, дөңгелек үстелдер, ашық есік күні, БАҚ-на жарияланған басылымдар, сұхбаттар, қоғамдық қабылдаулар және т.б).
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер бойынша біліктілікті арттыру курстарынан өткен қызметкерлердің саны - 11.
Облыстық департамент, басқармаларда, Мұнайлы ауданында, Астана, Атырау қалаларының әкімдіктеріде, Жер ресурстарын басқару комитетінде 21 маман тәжірибе алмасты.
Қазіргі таңда қала аумағында 39 (білім беру ұйымдарында-25, Ақтау қаласы әкімдігінің сервис орталығында-1, Ақтау қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің ғимаратында-10, Өмірзақ ауылы әкімдігінде-1, Қалалық орталық кітапхана-1, «Неке қию сарайы» ғимараты-1) өзіне-өзі қызмет көрсету бұрыштары жұмыс жасап тұр.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы толық мәлімет www.gov.kz сайтында көрсетілген.