Ақтау қалалық мәслихатының жаңа құрылған округтік сайлау комиссиялардың құрамын құратыны туралы ХАБАРЫ

Ақтау қалалық мәслихатының жаңа құрылған

округтік сайлау комиссиялардың құрамын құратыны туралы

ХАБАРЫ

 

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының (бұдан әрі – Сайлау туралы Конституциялық заң) 10-бабына және Ақтау қалалық сайлау комиссиясының 2022 жылғы 29 желтоқсандағы №20 «Ақтау қалалық мәслихатының депутаттарын сайлау жөніндегі сайлау округтерін құру туралы» және №21 «Ақтау қалалық мәслихатының депутаттарын сайлау жөніндегі округтік сайлау комиссияларын құру туралы» қаулыларына сәйкес Ақтау қалалық мәслихаты жаңа құрылған округтік сайлау комиссияларының құрамын құратыны туралы хабарлайды:

 

№ 1 Сайлау округі

 

Өмірзақ ауылы, Маңғыстау облысының білім басқармасының Ақтау қаласы бойынша білім бөлімінің «№ 27 Өмірзақ жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты.

 

                                                   № 2 Сайлау округі

Ақтау қаласы, 1-шағын аудан, Маңғыстау облысының білім басқармасының Ақтау қаласы бойынша білім бөлімінің «№ 3 жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты.

 

№3 Сайлау округі

Ақтау қаласы, 8-шағын аудан, Маңғыстау облысының білім басқармасының Ақтау қаласы бойынша білім бөлімінің «Исатай Сүйеубаев атындағы № 8 жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты.

 

№ 4 Сайлау округі

Ақтау қаласы, 22-шағын аудан, Маңғыстау облысының білім басқармасының Ақтау қаласы бойынша білім бөлімінің «С. Қондыбай атындағы № 22 мектеп-гимназия» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты.

 

№ 5 Сайлау округі

Ақтау қаласы, 4-шағын аудан, Маңғыстау облысының білім басқармасының Ақтау қаласы бойынша білім бөлімінің «Нұртас Ондасынов атындағы № 5 жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты.

                                           

№ 6 Сайлау округі

Ақтау қаласы, 5-шағын аудан, Маңғыстау облысының білім басқармасының Ақтау қаласы бойынша білім бөлімінің «Н. Марабаев атындағы № 7 мектеп-лицейі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты.

 

№ 7 Сайлау округі

Ақтау қаласы, 14-шағын аудан, Маңғыстау облысының білім басқармасының Ақтау қаласы бойынша білім бөлімінің «№ 1 жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты.

 

№ 8 Сайлау округі

Ақтау қаласы, 15-шағын аудан, Маңғыстау облысының білім басқармасының Ақтау қаласы бойынша білім бөлімінің «IT мектеп - лицей» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты.

 

№ 9 Сайлау округі

Ақтау қаласы, 11-шағын аудан, Маңғыстау облысының білім басқармасының Ақтау қаласы бойынша білім бөлімінің «Мамандандырылған IT лицей» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты.

 

№ 10 Сайлау округі

Ақтау қаласы, 12-шағын аудан, Маңғыстау облысының білім басқармасының Ақтау қаласы бойынша білім бөлімінің «№ 12 жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты.

 

№ 11 Сайлау округі

Ақтау қаласы, 12-шағын аудан, Маңғыстау облысының білім басқармасының Ақтау қаласы бойынша білім бөлімінің «№ 13 гимназия» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты.

 

№ 12 Сайлау округі

Ақтау қаласы, 13-шағын аудан, Маңғыстау облысының білім басқармасының Ақтау қаласы бойынша білім бөлімінің «№ 17 жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты.

 

№ 13 Сайлау округі

Ақтау қаласы, 26-шағын аудан, Маңғыстау облысының білім басқармасының Ақтау қаласы бойынша білім бөлімінің «№ 14 жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты.

 

№ 14 Сайлау округі

Ақтау қаласы, 27-шағын аудан, Маңғыстау облысының білім басқармасының Ақтау қаласы бойынша білім бөлімінің «№ 16 Саламат Мұқашев атындағы жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты.

 

№ 15 Сайлау округі

Ақтау қаласы, 28-шағын аудан, Маңғыстау облысының білім басқармасының Ақтау қаласы бойынша білім бөлімінің «№ 20 Мұхтар Әуезов атындағы жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты.

 

№ 16 Сайлау округі

Ақтау қаласы, 29-шағын аудан, Маңғыстау облысының білім басқармасының Ақтау қаласы бойынша білім бөлімінің «№ 28 жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты.

 

№ 17 Сайлау округі

Ақтау қаласы, 31а-шағын аудан, Маңғыстау облысының білім басқармасының Ақтау қаласы бойынша білім бөлімінің «№ 30 жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мекемесінің ғимараты.

                                                                    

№ 18 Сайлау округі

Ақтау қаласы, 17-шағын аудан, Маңғыстау облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының «Шоқыр Бөлтекұлы атындағы Маңғыстау облыстық жоғары спорт шеберлігі мектебі» коммуналдық мемелекеттік мекемесінің ғимараты (Халық Арена спорт кешені).

 

№ 19 Сайлау округі

Ақтау қаласы, 32а-шағын аудан, Маңғыстау облысының білім басқармасының Ақтау қаласы бойынша білім бөлімінің «Фариза Оңғарсынова атындағы № 29 жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты.

 

№ 20 Сайлау округі

Ақтау қаласы, 34-шағын аудан, «Маңғыстау облысының білім басқармасының Ақтау қаласы бойынша білім бөлімінің «№ 19 мектеп-гимназиясы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты.

 

Сайлау комиссиялары жеті мүшеден тұратын құрамда құрылады. Сайлау комиссияларының өкілеттік мерзімі бес жылды құрайды.

Саяси партиялар, өзге де қоғамдық бірлестіктер, олардың құрылымдық бөлімшелері және құрылатын сайлау комиссияларынан жоғары тұрған сайлау комиссиялары 2022 жылғы 1 - 15 қаңтар аралығында тиісті мәслихатқа мынадай құжаттарды тапсырады: 

1) сайлау комиссияларының құрамына кандидаттар ұсыну туралы саяси партия органының, өзге қоғамдық бірлестіктің, олардың құрылымдық бөлімшелерінің отырысы хаттамасынан үзінді көшірме, жоғары тұрған сайлау комиссиясының шешімінен үзінді көшірме;

2) саяси партияның, өзге қоғамдық бірлестіктің, олардың құрылымдық бөлімшелерінің әділет органдарында тіркелгені туралы құжаттың көшірмесі;

3) кандидаттың сайлау комиссиясының жұмысына қатысуға келісімі туралы белгіленген нысандағы өтініші (өтініштің нысанын мәслихаттан алуға болады.);

4) сайлау комиссияларының құрамына кандидаттар туралы, бағдарламалық қамтамасыз ету арқылы электрондық және қағаз форматта жасалған, белгіленген нысандағы мәліметтер.

Әрбiр саяси партия сайлау комиссиясының құрамына бiр кандидатура ұсынуға құқылы.

Саяси партия сайлау комиссиясының құрамына осы саяси партияның мүшесi болып табылмайтын кандидатура ұсынуға құқылы. 

Саяси партиялардың ұсыныстары болмаған жағдайда, мәслихаттар сайлау комиссиясын өзге қоғамдық бiрлестiктердiң және жоғары тұрған сайлау комиссияларының ұсынысы бойынша сайлайды.          

Сайлау комиссиясының құрамына ұсынылатын адам Сайлау туралы Конституциялық заңның талаптарына сәйкес келуге тиіс.

Сайлау комиссиясының мүшесi Ақтау қаласы аумағында тұруға тиiс. 

Сайлау комиссиясы бiр ұйымның қызметкерлерiнен тұрмауға тиiс. 

Сайлау комиссиясының төрағасы, төрағаның орынбасары, хатшысы сайлау комиссиясы құрылғаннан кейін жеті күндік мерзімнен кешіктірмей өткізілетін сайлау комиссиясының алғашқы отырысында сайланады.

Мәслихатқа ұсынылатын қағаз форматтағы барлық құжаттарға қол қойылған, мөрмен расталған болуға және орындалған күнін, орындаушы туралы, оның аты-жөні мен телефон нөмірі көрсетілген белгіні қамтуға тиіс.

Сайлау комиссияларының құрамы жөніндегі ұсыныстарды қабылдау 2022 жылғы              15 қаңтарға дейін, дүйсенбі-жұма күндері сағат 9:00-ден 18:30-ға дейін жүзеге асырылады, үзіліс - 12:30-дан бастап 14:00-ге дейін.

Мәслихаттың орналасқан жері: Ақтау қ., 4 шағынаудан, №72 үй.

Сонымен қатар, аталған хабарлама Ақтау қалалық мәслихатының сайтында  https://aktaumaslihat.kz/kz/ 30.12.2022ж. жарияланғандығын хабарлаймыз.

Жауапты тұлға – Сырлыбаева Меруерт Ысқаққызы, каб. №506, қызметтік телефон:                8(7292) 33-67-81, факс: 33-67-27, электрондық почта мекен-жайы: m.syrlybaeva@mangystau.gov.kz.

Дата публикации
30 декабря 2022