Ақтау қалалық мәслихатының депутаттарын сайлау жөніндегі округтік сайлау комиссияларын құру туралы

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңының 10-бабының 3-тармағына, 15-1 бабының 2-тармағына сәйкес, және  Ақтау қалалық сайлау комиссиясының 2022 жылғы 29 желтоқсандағы № 20 «Ақтау қалалық мәслихаттың депутаттарын сайлау бойынша аумақтық сайлау округтерін құру туралы» қаулысына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

 

  1. Ақтау қалалық мәслихаттың депутаттарды сайлау бойынша тиісті сайлау округтерінде 20 округтік сайлау комиссиялары құрылсын.
  2. Ақтау қалалық мәслихаттың депутаттарын сайлау жөніндегі сайлау округтерінің округтік сайлау комиссияларының құрамын қалыптастыру үшін қаулы Ақтау қалалық мәслихатына жіберілсін.
  3. Осы қаулы Ақтау қалалық сайлау комиссиясының интернет-ресурсында және облыстық «Маңғыстау», «Огни Мангистау» газеттерінде орналастырылсын.
  4. Осы қаулы 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

 

Ақтау қалалық

сайлау комиссиясының төрағасы                                               Е. Скендиров

 

Ақтау қалалық

сайлау комиссиясының хатшысы                                               С. Абдиев

Дата публикации
29 декабря 2022