Ақтау қалалық мәслихатының депутаттарын сайлау жөніндегі сайлау округтерін құру туралы

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңның 9-бабының 4-тармағына, 14-бабының 6) тармақшасына, 21-бабының 1-тармағына, 22-бабына сәйкес және «Сайланатын мәслихатттар депутаттарының санын айқындау туралы» Орталық сайлау комиссиясының 2020 жылғы 11 қыркүйектегі № 21/323 қаулысының негізінде Ақтау қалалық  сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Ақтау қалалық мәслихатының депутаттарын сайлау бойынша осы қаулының қосымшасына сәйкес шекараларда көрсетілген 20 бірмандаттық Ақтау қалалық сайлау округтері құрылсын.

2. Қаулы Ақтау қалалық мәслихатына жіберілсін.

3. Осы қаулы Ақтау қалалық сайлау комиссиясының интернет-ресурсында және облыстық «Маңғыстау», «Огни Мангистау» газеттерінде орналастырылсын.

4. Осы қаулы 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Ақтау қалалық

сайлау комиссиясының төрағасы                                               Е. Скендиров

 

Ақтау қалалық

сайлау комиссиясының хатшысы                                               С. Абдиев

 

Дата публикации
29 декабря 2022