Қаланың коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындарының таза табысының бір бөлігін аудару нормативін белгілеу туралы

Жоба

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСЫ

АҚТАУ ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМДІГІ

 

ҚАУЛЫ

 

 

№_______                                                                 «____» ____________ 2022 жыл

 

       

Қаланың коммуналдық мемлекеттік

кәсіпорындарының таза табысының

бір бөлігін аудару нормативін белгілеу

туралы

 

«Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы Заңының 140 бабының 2 тармағына сәйкес, Ақтау қала әкімдігі  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:                      

  1. Қаланың коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындарының таза табысының бір бөлігін аудару нормативі қосымшаға сәйкес белгіленсін.
  2. Қаланың коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындарының уәкілетті органдары жоспарланатын жылдың алдындағы жылдың 1 мамырына дейін мерзімде, «Ақтау қалалық қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесіне алдағы үш жылдық кезеңге арналған жергілікті бюджетке аударылуы тиіс таза табыстың бір бөлігінің болжамды сомаларын, сондай-ақ есепті жылы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындардың жергілікті бюджетке аударған таза табысының мөлшерін берілсін.
  3. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары И.М. Шагирбаевқа жүктелсін.
  4. Осы қаулы әділет органдарына тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

   Қала әкімі                                                                                            Е. Ізбергенов

 

 

 

 

 

 

 

 

 КЕЛІСІЛДІ:

 

И.М. Шагирбаев       ____________

А.С. Кужиев             ____________

Н.Т. Ильясова           ____________

Г.И. Сарикбаев         ____________ Ақтау қалалық  бөлімі тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы

 бөлімі» ММ басшысының м.а.

 

  Ақтау қаласы әкімдігінің 2022жылғы «___» ________қаулысына қосымша

 

 

Қаланың коммуналдық мемлекетік кәсіпорындарының

таза табысының бір бөлігін аудару

НОРМАТИВІ

 

Таза кіріс

3 000 000 теңгеге дейін

Таза кіріс сомасынан 5 пайыз

Таза кіріс 3 000 001 теңгеден 50 000 000 теңгеге дейін

150 000 теңге + 3 000 000 теңге мөлшердегі таза кірістен асқан сомадан 10 пайыз

Таза кіріс 50 000 001 теңгеден 250 000 000 теңгеге дейін

4 850 000 теңге + 50 000 000 теңге мөлшердегі таза кірістен асқан сомадан 15 пайыз

Таза кіріс 250 000 000 теңгеден 500 000 000 теңгеге дейін

34 850 000 теңге + 250 000 000 теңге мөлшердегі таза кірістен асқан сомадан 25 пайыз

Таза кіріс 500 000 001 теңгеден 1 000 000 000 теңгеге дейін

97 350 000 теңге + 500 000 000 теңге мөлшердегі таза кірістен асқан сомадан 30 пайыз

Таза кіріс 1 000 000 001 теңге және одан жоғары

247 350 000 теңге + 1 000 000 000 теңге мөлшердегі таза кірістен асқан сомадан 50 пайыз

Дата публикации
27 декабря 2022