Хабарландыру

Ақтау қаласы әкімдігінің теңгеріміндегі Ақтау қаласының 22 шағын-аудан, №7Б үйден бір бөлмелі пәтер босауына байланысты, Ақтау қаласы әкімдігінің жанындағы коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғын үй алу кезегінде тұрған кәмелетке толғанға дейін ата-анасының қамқорлығынсыз қалған жетім балаларға бөлу жұмыстары жүргізілетінін хабарлаймыз.

         Тұрғын үй алу кезегінде аталған санатпен тіркеліп тұрған Сорокин А.Г., Масабаева А.Ж, Бояркина Ю.В. тұрғын үй комиссиясының қарауына мынадай құжаттарды ұсынуыңыз тиіс.

1) тұрғын үй комиссиясы төрағасының атына тұрғын үй комиссиясы белгілейтін нысан бойынша өтініш;

2) өтініш беруші мен оның отбасы мүшелерінің жеке куәліктерінің не паспорттарының көшірмелерін;

3) некеге тұру (бұзу), отбасы мүшелерінің қайтыс болуы, балалардың тууы туралы (болған жағдайда) куәліктің көшірмесін;

4) аумақтық әділет органының (өтініш берушінің және онымен ұдайы тұратын отбасы мүшелерінің меншік құқығында оларға тиесілі үй-жайдың жоқтығы туралы) анықтамасын (Қазақстан Республикасы бойынша);

5) өтiнiш берушiнiң (отбасының) азаматтардың осал тобына жататынын растайтын әлеуметтiк қорғау органының анықтамасын не мемлекеттiк қызметшiнiң, бюджеттiк ұйымдар қызметкерлерiнiң, әскери қызметкерлердiң, ғарышкерлікке кандидаттың, ғарышкердің жұмыс (қызмет) орнынан анықтаманы (коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғын үй берген кезде).

 

Құжат қабылдау сағат 09.00-18.30 аралығында жүргізіледі. Түскі үзіліс сағат 12.30-14.00 аралығы.

Құжат қабылдаудың басталуы – 2022 жылдың «26» желтоқсан сағат 09.00.  Құжат қабылдаудың аяқталуы 2022 жылдың «30» желтоқсан 18.30 дейін.

«Ақтау қалалық тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесі

 

Дата публикации
26 декабря 2022