Маңғыстау облысы Ақтау қалалық мәслихатының 2021 жылғы 14 сәуірдегі №2/16 «Ақтау қаласында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшерін мен тәртібін айқындау туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы

ШЕШТІ:  

1. Маңғыстау облысы Ақтау қалалық мәслихатының «Ақтау қаласында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшерін мен тәртібін айқындау туралы» 2021 жылғы 14 сәуірдегі №2/16 шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде №4495 болып тіркелген) келесідей өзгеріс енгізілсін:

көрсетілген шешімнің 1 қосымшасының преамбуласы жаңа редакцияда жазылсын:

«Осы Ақтау қаласында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібі Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 14 сәуірдегі № 512 «Әлеуметтік тұрғыдан қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерін көрсеткені үшін абоненттік төлемақы тарифінің көтерілуіне өтемақы төлеудің кейбір мәселелері туралы», 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2314 «Тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы» қаулыларына және Қазақстан Республикасы индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2020 жылғы 24 сәуірдегі № 226 «Тұрғын үй көмегін алуға үміткер отбасының (Қазақстан Республикасы азаматының) жиынтық табысын есептеу қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 20498 болып тіркелген) сәйкес әзірленді.».

көрсетілген шешімнің  9-тармағының 2) тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын:

«2) аз қамтылған отбасының табысын растайтын құжаттар. Тұрғын үй көмегін алуға үміткер отбасының (Қазақстан Республикасы азаматының) жиынтық табысын есептеу тәртiбi Қазақстан Республикасы индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2020 жылғы 24 сәуірдегі № 226 «Тұрғын үй көмегін алуға үміткер отбасының (Қазақстан Республикасы азаматының) жиынтық табысын есептеу қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде №20498 болып тіркелген) сәйкес айқындалады».

  1. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

                                                               

 

Лауазымы

 

Аты-жөні

 

Дата публикации
26 декабря 2022