Өмірзақ ауылына қарасты тұрғын массивтерінің атауларын және тұрғын массивтері көшелерінің атауларын өзгерту бойынша өткізілген жергілікті қоғамдастық жиналысының ХАТТАМАСЫ

Өмірзақ ауылына қарасты тұрғын массивтерінің атауларын

 және тұрғын массивтері көшелерінің атауларын өзгерту бойынша

өткізілген жергілікті қоғамдастық жиналысының

 ХАТТАМАСЫ

 

 

 Өмірзақ ауылы                         №_2_                       2022 жыл 19 желтоқсан

                                                                                                   сағат18:00

Төрағалық етуші: Өмірзақ ауылы әкімінің орынбасары Кумбаев Амантай Ясавилевич,

Қатысқандар: жергілікті қоғамдастық мүшелері, әкімдік қызметкерлері.

Өмірзақ ауылына қарасты Приморский, Приозерный, Рауан тұрғын массивтері бойынша қоғамдастық жиналысына барлығы 1105 адам қатысты.

 

 

КҮН ТӘРТІБІ:

 

 Өмірзақ ауылына қарасты Приморский, Приозерный тұрғын массивтерінің атауларын өзгерту және Приморский тұрғын массивінің көшелерінің атауларын өзгерту,

 Рауан тұрғын массивінің нөмірленген көшелеріне атау беру 

 

Өмірзақ ауылына қарасты Приморский, Приозерный тұрғын массивтерінің атауларын өзгерту және Приморский тұрғын массивінің көшелерінің атауларын өзгерту, Рауан тұрғын массивінің көшелеріне атау беру және берілген атауларды халық қарауына ұсыну мақсатында өткізілген жергілікті қоғамдастық жиналысын Өмірзақ ауылы әкімі орынбасары А.Кумбаев ашты.

Құрметті тұрғындар бүгінгі жиналысымыз өздеріңізге мәлім тұрғын  массивтердің атауы мен көше атауын өзгерту мақсатында ұйымдастырылып отыр. Сондықтан Президент тапсырмасына сәйкес ескірген атаулардың орнына, сол жердің тарихи жер-су атауларын беру мақсатында Приморский елді мекенін «Ақжелкен» деп Приозерный «Оймашы» деп өзгертуді, сонымен қатар Приморский көшелерін №1 қосымшаға сәйкес, Рауан тұрғын массивінің көшелерін №2 қосымшаға сәйкес өзгертуді ұсынамыз.

Сөз сөйледі Е.Балдеков Саламатсызба, құрметті тұрғындар! Мен өзім Приозерный тұрғын массивінің тұрғынымын, аталған мәселелерге ат салысқаныма қуаныштымын. Біздің тұрып жатқан елді мекеніміз, жеріміз болашақ ұрпағымызға қалатын асыл мұра, ал сол жерлердің атауы осы қазақ халқына сай, мән мағынасы бар, атауының өзі бір мағынаны білдіретін атау болуы қажет деп есептеймін.

«Оймашы» бұл Приозерный орналасқан жердің бұрынғы тарихи атауы. Сол жерде тұрған халықтар жер бедерінің ойыс болып келуіне байланысты «Оймашы» деп атап кеткен.

Сөз сөйледі Н.Құлтөреұлы; Приморский тұрғын масивінің көшелерінің атауларына келетін болсақ, Приморский бау-бақша серіктестігі кезінде халықтың қалауымен берілген бау-бақшаға қатысты атаулар. Бұл атаулар еш жерде бірде-бір құжаттармен белгіленбеген. Приморскийге «Ақжелкен» атауы берілгені дұрыс деп есептеймін. Өйткені бұл атау осы тұрғын массивті бұрын өзінің халық атаған атауы. Енді Приморскиге Ақ желкен деген атауы келіседі, өйткені дәл қасында теңіз бар. Атаудың өзінің мағынасы керемет!

Сөз сөйледі  М.Акмурзаева: Сәлеметсізба құрметті ауыл тұрғындары!Мен Рауан елді мекенінің тұрғынымын. Рауан тұрғын массивінің 32 көшесіне атау берілмеген, яғни 1-ден 32-ге дейін халықтың өзі нөмірлеп, осы уақытқа дейін нөмірмен атап келді.

Сондықтан Рауан тұрғын массивінің нөмірленген көшелеріне атау берілсе нұр үстіне нұр болар еді.

 

                            Қоғамдық жиналыс шешімі:

          

  Көпшілік дауыстың қолдауымен.

  1. Приозерный тұрғын массивінің атауы «Оймашы» деп,
  2. Приморский тұрғын массивінің атауы «Ақжелкен» деп өзгертілсін.
  3. Приморский тұрғын массивінің көшелерінің атаулары осы хаттаманың №1 қосымшасына сәйкес;
  4. Рауан тұрғын массивінің нөмірмен белгіленген көшелеріне осы хаттаманың №2 қосымшасына сәйкес атауларға өзгертілсін.

Қолдаушылар- 1105

Қарсы – 9

Қалыс қалғандар- жоқ

 

 

 

Қоғамдық жиын төрағасы:                                              А. Кумбаев

 

 

Қоғамдық жиын хатшысы:                                          Ғ. Молдағали

Дата публикации
22 декабря 2022