Ақтау қаласы әкімінің 2019 жылғы 27 ақпандағы №1 «Ақтау қаласында сайлау учаскелерін құру туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Ақтау қаласы әкімінің 2019 жылғы 27 ақпандағы №1 «Ақтау

қаласында сайлау учаскелерін  құру туралы» шешіміне өзгеріс

енгізу туралы

 

 

ШЕШТІМ:

  1. Ақтау қаласы әкімінің «Ақтау қаласында сайлау учаскелерін құру туралы» 2019 жылғы 27 ақпандағы №1 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3827 болып тіркелген) шешіміне мынадай өзгеріс енгізілсін:

көрсетілген шешімнің қосымшасындағы:

№3 және №4 сайлау учаскелерінің бірінші абзацтары «Ақтау қаласы,             2-шағын аудан, Маңғыстау облысының білім басқармасының «Мұрын жырау Сеңгірбекұлы атындағы Маңғыстау жоғары педогогикалық колледжі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының ғимараты.» болып жаңа редакцияда жазылсын;

№33 және №65 сайлау учаскелерінің бірінші абзацтары «Ақтау қаласы, 14-шағын аудан, Маңғыстау облысының білім басқармасының Ақтау қаласы бойынша білім бөлімінің «Ибаш Жанболатова атындағы №15 мектеп-гимназиясы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты.» болып жаңа редакцияда жазылсын.

  1. «Ақтау қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі осы шешімнің Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.
  2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Ақтау қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
  3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

                                          

                                                                               

 

Лауазымы

 

Аты-жөні

 

 

 

«КЕЛІСІЛДІ»

 

Ақтау қалалық аумақтық

сайлау комиссиясының

төрағасы

Е.С. Скендіров

«___» __________2022 жыл

Дата публикации
19 октября 2022