Ақтау қаласында барлық маршруттар үшін жолаушыларды автомобильмен тұрақты тасымалдауға сараланған тарифті белгілеу туралы ҚАУЛЫ ЖОБАСЫ

Қазақстан Республикасының «Автомобиль көлігі туралы» Заңының 19 -  бабына сәйкес, Ақтау қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Ақтау қаласында барлық маршруттар үшін жолаушыларды

автомобильмен тұрақты тасымалдауға сараланған тарифі келесі мөлшерде белгіленсін:

         1) электрондық жол жүру картасы немесе электрондық төлемнің қосымша қызметтері арқылы қолма-қол ақшасыз жол ақысын төлеу кезінде:

         ересектерге – 70 (жетпіс) теңге;

         жеті жастан он бес жасқа дейінгі балаларға – 35 (отыз бес) теңге;

         2) жолаушылар мен багажды автомобильмен тұрақты тасымалдауға қолма-қол ақшамен төлеу кезінде:

         ересектерге – 120 (жүз жиырма) теңге;

         жеті жастан он бес жасқа дейінгі балаларға – 60 (алпыс) теңге.

  1. Осы қаулы заңнамада белгіленген тәртіппен қалалық мәслихаттың кезекті сессиясына келісу үшін ұсынылсын.
  2. «Ақтау қаласының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесі осы қаулының Қазақстан Республикасының әділет Министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.
  3. Осы қаулының орындалуын бақылау Ақтау қаласы әкімінің орынбасары А. Туркменбаевқа жүктелсін.
  4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

                                                                                                           

Лауазымы

 

Аты-жөні

Дата публикации
13 декабря 2022