Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер бойынша қараша айында өткізілген шаралар жөнінде ақпарат

Ақтау қаласы әкімінің аппараты, Сізге «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді мониторингілеу бөлімінің 2022 жылға арналған жұмыс жоспарына» сәйкес ағымдағы жылдың қараша айында атқарылған жұмыстардың ақпаратын төмендегідей баяндайды.

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің тәртібін  қызмет алушыларға  түсіндіру мақсатында 13  шара өткізілді:

          10.11.2022  ж.  Ақтау қалалық хал актілерін тіркеу бөлімінің басшысы А.Елемесова мемлекеттік қызметтерді көрсетудің тәртібін түсіндіру бойынша Жолбаян радиосы «Қоғам тынысы» бағдарламасына сұхбат берді (фотосурет жалғанды).

         15.11.2022 ж. Ақтау қалалық тұрғын үй испекция бөлімі мемлекеттік қызметтерді көрсетудің тәртібін түсіндіру бойынша әлеуметтік желілерге  (Инстаграм, Фейсбук) ақпараттар жариялады.

https://www.instagram.com/p/Ck-FvPqML-q/?igshid=YmMyMTA2M2Y=            https://www.facebook.com/100046350694760/posts/pfbid0PmHot3vgnEecDS795hPS9JCh7By5kjbzknjfBfCs7mFbqSdJC9oZANRVBdQBwzZjl/?d=n

          15.11.2022 ж. Ақтау қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің мамандары әлеуметтік желіде тікелей эфир арқылы сұхбат берді. Тікелей эфир кезінде қамтылған адам саны-30 (скриншот жалғанды).   

https://www.instagram.com/tv/Ck-lvl3gUfE/?utm_source=ig_web_copy_link

          18.11.2022 ж. Ақтау қалалық жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімі мемлекеттік қызметтерді көрсетудің тәртібін түсіндіру бойынша әлеуметтік желілерге (Инстаграм, Фейсбук) ақпараттар жариялады.

https://www.instagram.com/p/ClGgVXKMOd1/?igshid=YmMyMTA2M2Y=

https://www.facebook.com/100046948263927/posts/pfbid029yF8hHCVKc3fUgZEVxURxsTTdWegtSCogzbuvW9XYqzQ3ng3CUSkVkmjswkWAAKGl/?d=n        

             18.11.2022 ж. Ақтау қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі мемлекеттік қызметтерді көрсетудің тәртібін түсіндіру бойынша әлеуметтік желіге (Инстаграм) ақпарат жариялады.

https://www.instagram.com/p/ClF94ncsA_j/?igshid=YmMyMTA2M2Y=

            18.11.2022 ж. Ақтау қалалық жұмыспен қамту орталығы мемлекеттік қызметтерді көрсетудің тәртібін түсіндіру бойынша әлеуметтік желіге (Инстаграм) ақпарат жариялады.

https://www.instagram.com/reel/ClF-fFcAPdp/?igshid=YmMyMTA2M2Y=

            18.11.2022 ж. Ақтау қалалық жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімінің мамандары Халыққа қызмет көрсету орталығында  эскизді (эскиздік жобаны) келісуден өткізу, жер учаскесін алу үшін кезекке қою мемлекеттік қызметтері бойынша жеке қабылдау жүргізді. Қамтылған адам саны-35 (фотосурет жалғанды).

25.11.2022 ж. Ақтау қалалық тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы бөлімі басшысының орынбасары Ж. Жақыпов әлеуметтік желіде тікелей эфир арқылы сұхбат берді. Тікелей эфир кезінде қамтылған адам саны-71 (скриншот жалғанды).

https://fb.watch/h45LSZX0pb/?mibextid=qC1gEa

https://www.instagram.com/tv/ClX9-FjIvAI/?igshid=MDJmNzVkMjY=

 25.11.2022 ж. Ақтау қалалық №2 халыққа қызмет көрсету орталығында ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша департаменті жанындағы мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі ведомствоаралық жұмыс тобының мүшесі Рахметов Қайырғали Едігеұлы және «Тұрғын үй кезегіне қою», «Тұрғын үй көмегін тағайындау», «Еңбекші көшіп келушіге рұқсаттарды беру және ұзарту» мемлекеттік көрсетілетін қызметтеріне жауапты мамандардың қатысуымен «Қоғамдық қабылдау» жүргізілді.

            Қабылдау кезінде, қала тұрғындарына мемлекеттік көрсетілетін қызметтер мәселелері бойынша кеңестер беріліп, сұрақтарына жауаптар берілді. Қамтылған адамдар саны-35 (фотосурет жалғанды).

              30.11.2022ж. Ақтау қалалық жұмыспен қамту орталығының ұйымдастыруымен мекеме ғимаратында бос орындар жәрмеңкесі өтті. Жәрмеңке  кезінде қамтылған адам саны- 168 (фотосурет жалғанды).  

          30.11.2022 ж. Ақтау қаласы әкімдігінің ұйымдастыруымен Ақтау қалалық қорғаныс істері басқармасымен көрсетілетін мемлекеттік қызметтер бойынша онлайн жәрмеңке өткізілді.

          Тікелей эфирде мамандар  мемлекеттік қызметтер туралы толық ақпараттар беріп, тұрғындардың сұрақтарына жауап берді. Тікелей эфир кезінде қамтылған адам саны-59 (фотосурет, скриншот жалғанды).

          22.11.2022 ж. Ақтау қалалық тұрғын үй инспекция бөліміне жүргізілген Ішкі бақылау кезінде анықталған бұзушылықтарды талқылау бойынша жиын өтті. Жиында аталған бөлім басшысы Н.Кучербаевқа мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыруды және алдағы уақытта заң бұзушылықтарға жол бермей нормативтік құқықтық актілерге сәйкес қызмет көрсетуді  қатаң түрде ескертілді (фотосурет, хаттама жалғанды).

 

Дата публикации
09 декабря 2022