Хабарландыру «БЖЗҚ» АҚ «Ашық есік күніне» шақырады Тақырыбы: «Цифрлық БЖЗҚ».

2022 жылғы 20 желтоқсанда БЖЗҚ «Ашық есік күнін» «Цифрлық БЖЗҚ» тақырыбында онлайн-форматта өткізеді.

Мақсаты – салымшылар мен іс-шараға қатысушыларды Қордың ең өзекті және сұранысқа ие электрондық сервистерімен enpf.kz сайтындағы «Жеке кабинетте», БЖЗҚ/ЕНПФ ұялы қосымшасында, сондай-ақ, мессенджерлер мен әлеуметтік желілерде (чат-бот, телеграмм арна және т. б.) халықтың зейнетақы қызметтерін толыққанды алуы үшін егжей-тегжейлі   таныстыру.

Іс-шараны өткізу кезінде қатысушыларға «Жеке кабинеттегі» әр қызметтің, оның ішінде «Зейнетақы калькуляторы» арқылы болжамды зейнетақыны қалай есептеу керек, жеке зейнетақы шотынан үзінді көшірмені қарау, ерікті жарналар бойынша және 1 немесе 2 топтағы мерзімсіз мүгедектікке байланысты зейнетақы төлемдеріне электрондық өтініш беру, осы өтініштің мәртебесін бақылау және тағы басқалар бойынша түсініктеме беріледі.  

Бұдан басқа, өңірлік бөлімшелердің жауапты қызметкерлері сұрақтарды жауапсыз қалдырмай, іс-шараға қатысушыларға жеке кеңес береді.

Естеріңізге сала кетейік, «Ашық есік күні» 20 желтоқсанда сағат 10:00 де онлайн форматта өтеді.

          Іс-шараға қатысу үшін әрбір ниет білдірушіге сілтеме бойынша өту қажет https://enpf.webex.com/enpf/onstage/g.php?MTID=e08f371b8bc7ad801f4ac8087e058b3da. Содан кейін event-кеңестің нөмірін 2511 992 4707 және event-кеңестің құпиясөзін 123456 енгізіңіз.

          

        

          «БЖЗҚ» АҚ өз салымшыларын, алушыларын және барлық ниет білдірушілерді «Ашық есік күнінде» күтеді!  

Дата публикации
09 декабря 2022