Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 24 ақпанындағы «Әкімшілік-аумақтық бірліктерге, елді мекендердің құрамдас бөліктріне атау беру, оларды қайта атау, сондай-ақ олардың атауларының транскрипциясын нақтылау мен өзгерту кезінде тиісті аумақ халқының пікірін ескеру қағидаларын бекіту туралы» №138 қаулысының 8-тармағының 1), 2) – тармақшаларына сәйкес Өмірзақ ауылы №27 орта мектебінің мәжіліс залында 2022 жылғы желтоқсан айының 19-ы күні сағат 17:00-де Өмірзақ ауылының жергілікті қоғамдастық жиналысы өтетінін хабарлаймыз.
Күн тәртібінде:
№1 қосымша
Приморский тұрғын-үй массивінің атауын өзгерту
|
№ |
Бұрынғы атауы |
Келісілген атауы |
Мағынасы |
|
1 |
Приморский |
Ақ желкен |
Желкен - жел энергиясын, кеменің қозғалтқыш күшіне айналдыруға арналған құрал. Қозғалтқылқыштардың ерте заманғы түрлерінің бірі (теңізде жүзудің 6000 жылдық дәуірін қамтиды.). Желкен - кеме діңгектеріне бекітілген мата түрінде болады. Сонымен қатар желкенге қазіргі кезде жасалып жүрген эродиномикалық эквивалентті қатты қабық түріндегі желкен жатады. |
Приозерный тұрғын-үй массивінің атауын өзгерту
|
№ |
Бұрынғы атауы |
Келісілген атауы |
Мағынасы |
|
1 |
Приозерный - 1, 2, 3 |
Оймашы |
Тұрғын массив орналасқан жердің бұрынғы атауы және Қарақия ауданындағы тұз кенінің атауы. |