«БЕКІТЕМІН»
Маңғыстау облысының әкімі
___________ Н.А. Ноғаев
«___» _______2022 жыл
Маңғыстау облысының әкімі Н.А.Ноғаевтың Маңғыстау облысы тұрғындарымен кездесуінің қорытындысы бойынша ІС-ШАРА ЖОСПАРЫ
|
№ |
Іс – шара атауы |
Жауапты |
Мерзімі |
Қаражат талап етіледі/ етілмейді |
Шешу жолдары
|
|
Ақтау қаласы
|
|||||
|
1. |
Ақтау қаласы аумағынан тұрғын үй салу мақсатында жер учаскесін бөлуін сұрайды (Богданова Роксана)
|
Б.Орынбасаров Н.Қилыбай Е.Дүзмағамбетов
|
2022 жыл желтоқсан |
Қаражат талап етілмейді |
Бүгінгі таңда, Ақтау қаласының «Бас жоспарына» сәйкес, жеке тұрғын үй құрылысына арналған дайын алаңдардың болмауына байланысты, жер учаскесін беру мүмкіндігі жоқ. Сонымен қатар, ҚР Жер Кодексінің 50 бабына сәйкес, еліміздің кез келген кәмелетке толған азаматы, еліміздің кез келген елді мекенінде тұрғын үй құрылысы үшін жер кезегіне тұрып, 0,1 гектар (10 сотық) жерді тегін алуға құқығы бар. Алайда, жер учаскесі бұрын тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскесін алмаған азаматқа тиісті әкімдікте қалыптастырылған кезек бойынша бір рет беріледі. Ескеретін жағдай, жер кезегіне тұру үшін өтініш беруші тұлғаның Қазақстан Республикасының азаматтығы болуы маңызды.Қазіргі кезде жер кезегіне тұру электрондық үкімет порталы арқылы (egov.kz) электрондық түрде жүргізіледі. |
|
2. |
Ақтау қаласының 5-39 мекен-жайы бойынша ОСИ-дің тарифі мәселесі (Джовадова Лилия)
|
Б.Орынбасаров Н.Қилыбай Б.Қартбаев Ж.Салимов (келісім бойынша)
|
2022 жыл желтоқсан |
Қаражат талап етілмейді |
Маңғыстау облысы, Ақтау қалалық мәслихатының 25.02.2022 жылғы №11/89 шешімінің негізінде (ҚР Әділет министрлігінде 15.03.2022 жылғы №27120 болып тіркелген) 2022 жылға арналған кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға арналған шығыстардың ең төмен мөлшері бір шаршы метр үшін 35 теңге сомасында бекітілді. Кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін басқаруға және күтіп-ұстауға арналған жарналардың мөлшерін пәтер иелерінің жалпы жиналысы белгілейді және үй-жай (пәтер) меншік иесінің ортақ мүліктегі үлесіне барабар бөлінеді. |
|
3. |
Ақтау қаласының 5 шағын ауданының жол бойынан жолаушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін, жаяу жүргінші өтпелерін салып, көлік жүргізушілердің жол ережелерін сақтауын қадағалауды сұрайды (Владимир)
|
Б.Орынбасаров Н.Қилыбай А.Қалиев А.Дүйсембаев (келісім бойынша) |
2022 жыл желтоқсан |
Қаражат талап етілмейді |
Ақтау қаласының 5 шағын ауданының жол бойынан жаяу жүргінші өтпелерінің таңбасы қайта жаңартылды. Ақтау қаласының орталық көше бойларындағы жол қауіпсіздігін сақтау мақсатында, әрбір 200-300-400 метр сайын жаяу жүргінші өтпелері ұйымдастырылған. Аталған өтініш бойынша, жаяу жүргінші өтпесін ұйымдастыру аумағының нақты орнын анықталып, жаяу жүргінші өтпесі ұйымдастырылып сызылды.
|
|
4. |
Приморский елді мекенінде «МАЭК-Қазатомпром» ЖШС кәріздік жүйесін ретке келтіріп, қоршаған ортаға әсерін қадағалауды сұрайды (Сүлеймен Серік)
|
Б.Орынбасаров Р.Тукенов (келісім бойынша) Т.Есентүгелов (келісім бойынша) Н.Қилыбай
|
2022 жыл желтоқсан |
Қаражат талап етілмейді |
Қазіргі таңда, «Ақтау қалалық құрылыс бөлімі» ММ-мен кәріз желісінің құрылысы аяқталды. Алайда, «МАЭК Казатомпром» ЖШС-нің су арнасынан (сбросной канал) өтуге, техникалық шарт ұсынылды. Техникалық шартқа сәйкес, қосымша 2 құдықша (су ағар) орнату керектігі баяндалған. Алайда, аталған жерге, 2 құдықшаны орнатуға бос жер учаскесі болмауына байланысты, мүмкіндік болмай отыр. Осыған орай, «МАЭК Казатомпром» ЖШС-мен келіссөздер жүргізілуде. Экология департаменті тарапынан ай сайын мониторинг жүргізіп, қадағаланып отыр. Тапсырыс беруші «Ақтау қалалық құрылыс бөлімі» ММ-сі тарапынан алу-беру жұмыстары жүргізілуде. «Маэк- Қазатомпром» ЖШС-нің тарапынан берілген техникалық шартында жобаға қатысты көрсетілген кемшіліктерді жою жұмыстары мердігер тарапынан орындалуда. |
|
5. |
Ақтау қаласында әлеуметтік м аңызы бар азық-түлік өнімдерінің бағасын қадағалауды сұрайды (Мәмбетова Майра) |
Б.Орынбасаров Ж.Тоқбаева Н.Қилыбай
|
2022 жыл желтоқсан |
Қаражат талап етілмейді |
Қала әкімдігі қала аумағындағы басты 2 гипермаркетпен 11 супермаркетке әлеуметтік маңызы бар 19 түрлі азық-түлік тауарларының бағаларына тұрақты түрде мониторинг жүргізуде. Сонымен қатар, қала әкімдігі жоғарыда аталған 5 сауда желісімен әлеуметтік маңызы бар 19 түрлі азық-түлік тауарларының бағаларын негізсіз көтермеу жөнінде меморандумға отырды. Сондай-ақ, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаларды ұстап тұру мақсатында облыс әкімдігімен бірлесіп азық-түлік тауарларына бағаларды тұрақтандыру тетіктерін іске асыру мынадай тетіктерді пайдалану арқылы жүзеге асырылады: 1. Ірі сауда желілерімен Меморандум жасақтау; 2. ӘМАТ тұрақтандыру қорын қалыптастыру және пайдалану; 3. Кәсіпкерлік субъектілеріне қарыз беру (айналым схемасы). Қала аумағындағы сауда желілеріндегі ӘМАТ бағаларының негізсіз өсуін болдырмау және мониторинг жұмыстарын жүргізу мақсатында қоғам белсенділерін тарта отырып қала әкімінің өкімімен жұмыс тобы құрылды. Ақтау қаласы бойынша барлық үй жанындағы дүкендер тексерілді. Қазіргі таңда аптасына 2- рет «Халық бақылауы» тобы қайтадан үй жанында орналасқан дүкендерге ескерту және түсіндіру жұмыстарын жүргізіп отыр. Нәтижесінде 156 шағын дүкендер қамтылып оның 41 де бұзушылық анықталды. ӘМАТ бағаларының өсу себебін, ондағы кедергілерді анықтау және бағаның төмендету мақсатында Ақтау қаласы прокуратурасымен және монополияға қарсы агенттікпен бірлесіп қала аумағындағы «Мағаш», «Русказ», «Масат», «Көк базар» секілді сауда базарларына тексерісі жүргізілді. Нәтижесінде 9 кәсіпкерде бұзушылық анықталып,оларға әкімшілік құқық бұзушылық туралы ескерту түрінде хаттама толтырылды. Қала тұрғындарына 26 шағын аудан «Қасиет» медициналық орталығының алдындағы автотұрақта әр аптаның сенбі күндері және мереке күндері жәрмеңкесі тұрақты түрде өткізілуде. |