«БЕКІТЕМІН»
Маңғыстау облысының әкімі
___________ Н.А. Ноғаев
«___» _______2022 жыл
Маңғыстау облысының әкімі Н.А.Ноғаевтың Маңғыстау облысы тұрғындарымен кездесуінің қорытындысы бойынша (қалалар мен аудандар әкімдерінің тарапынан орындалатын)
ІС-ШАРА ЖОСПАРЫ
|
№ |
Іс – шара атауы |
Жауапты |
Мерзімі |
Қаражат талап етіледі/ етілмейді |
Шешу жолдары
|
|
|
|
||||||
|
1. |
Қаланы көгалдандыру мәселесі (Қартбаев Аманжол)
|
Б.Орынбасаров Н.Қилыбай М.Альбекова
|
2022 жыл желтоқсан |
Қаражат талап етіледі |
Ағымдағы жылы 5 жыл мерзімге Ақтау қаласын көгалдандыру бойынша мемлекеттік-жекешелік әріптестік (МЖӘ) жобасы аясында жүргізілетін болады. (жеңімпаз мекеме «GreenCityAktau» ЖШС-гі) Жұмыс Маңғыстау облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасымен бірлесе жүргізілуде. Жобаның негізгі мақсаты – Ақтау қаласын көгалдандыру, ағаштарды, бұталарды, гүлдерді отырғызу және жасыл желектер мен ағаштарды күтіп-баптау бойынша жүйелі жұмысты қамтамасыз ету. Жобаның жалпы құны 7,4 млрд. тенгені құрайды, жоба аясында жапырақты ағаштардан 20 905 дана, қылқан жапырақты ағаштардан 11 750 дана, сәндік бұталардан 1 460 дана, бұталардан 20 000 метр, көгалдардан 5 000 шаршы метр, гүлзарлардан 652 500 дана, раушан гүлдерінен 18 000 дана егу жоспарланған. Сонымен қатар, қаланың 9,11,14 шағын аудандарын біріктіретін айналма жолының ортасына 112 000 дана 1 жылдық петунья гүлдері, 12 шағын аудан Тобанияз ескерткішінің алдына раушан гүлдері егілді. Отырғызылған көшеттердің барлығы Ақтау қаласында өсірілген яғни барлық ағаштар мен көгалдар Маңғыстау облысының құрғақ климатына төзімді жасыл желектер. |
|
|
2. |
Жатақханаға орналастыру мәселесі (Богданова Роксана) |
Г.Қалмұратова Ә.Шопанов Н.Қилыбай
|
2022 жыл желтоқсан |
Қаражат талап етілмейді |
Ақтау қаласы 35 шағын ауданда орналасқан «Ақтау тұрғын үй» коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнының жатақханасы 200 пәтерлік. Жатақхананың 3 пәтерінде (№ 1,2,3) «РАЙ» әлеуметтік шұғыл көмек орталығы» жеке меншік мекемесі, 5 пәтерінде (№ 24,25,26,27,28) «Ақтау тұрғын үй» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің кеңсесі орналасқан. Жалпы алаңы 16941,6 шаршы метр. 16402,40 шаршы метрінде жеке тұлғалар, 539,2 шаршы метрінде заңды тұлғалар орналасқан. Жатақхананың 20 пәтерінде балалар үйінің (тұрғындар саны- 58) түлектері орналасқан. Қалған 172 пәтерінде оралмандар, мүгедектер, көп балалы аналар, жалғыз басты аналар, өмірлік қиын жағдаймен келгендер тұрып жатыр. Оның ішінде: · оралмандар және өмірлік қиын жағдаймен келгендер саны – 290, · көп балалы аналар-116, жетімдер-58, · 1,2 топтағы мүгедектер – 202, · жалғыз басты аналар мен әкелер – 149, Жалпы тұрып жатырған тұрғындар саны – 815 адамды құрайды. 2021 жылы жатақханада сотпен босатылған пәтерлер саны -14, 2022 жылы –жатақханадан шығару туралы сотқа жолданған пәтерлер саны -29 , оның ішінде сот шешімімен жатақханадан шығарылғандар саны-13, сот орындаушыларында өндірісте-16. 2022 жылдың соңында, 2023 жылдары сотқа жолданатын пәтерлер саны - 30. 2021 жылдың 12 айы ішінде жатақхана комиссияның шешіміне сәйкес жатақханаға 65 отбасы қоныстанды. (отбасы мүшелері-274 адам). Оның ішінде: көп балалы-13, мүгедек-22, жалғыз басты аналар-27, өмірлік қиын жағдаймен келгендер-3. Шыққан отбасылар саны- 59. 2022 жылдың 6 айында жатақханаға 13 отбасы қоныстанып, 18 отбасы шықты. Осыған байланысты жатақханаға орналастыру кезек-кезегімен жүргізілуде. |
|
|
3. |
Жалдамалы тұрғын-үй алу мәселесі (Богданова Роксана) |
Г.Қалмұратова Б.Қартбаев Н.Қилыбай
|
2022 жыл желтоқсан |
Қаражат талап етілмейді |
Қазақстан Республикасының «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңының 74-бабының 1-тармағына сәйкес, тұрғын үй алу есебінде тұратын азаматтарға мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үй барлық қажетті құжаттармен бірге өтініш берілген кезден бастап тізімде белгіленген кезек ретімен беріледі делінген. Сондықтан, тұрғын үй мәселесі, тұрғын үй берілген кезде кезек ретімен қаралатын болады. |
|
|
4. |
Жылу мәселесін реттеу (15-25-6 тұрғыны) |
Б.Орынбасаров Б.Қартбаев Н.Қилыбай
|
2022 жыл желтоқсан |
Қаражат талап етілмейді |
Көрсетілген мекен-жай бойынша жылу жүйесіне тексеру жүргізу барысында төменгі пәтерлерде жылу жүйесін өзгерту жағдайлары анықталған. Осыған орай, пәтер иелеріне қызмет көрсетуші мекеме тарапынан жылу жүйесін қайта қалпына келтіру бойынша ескертулер мен хабарландырулар берілді. Алдағы уақытта пәтер иелері пәтердің ішкі жылу жүйесін қайта қалпына келтірген уақытта пәтердегі жылу қалыпты жағдайға келетін болады. |
|
|
5. |
Ақтау қаласы 15-25 үйінің алдында қазылған шұңқырдың қоқысқа толуы, теңізге шығуға кедергі келтіруі (15-25-6 тұрғыны) |
Б.Орынбасаров Н.Қилыбай
|
2022 жыл желтоқсан |
Қаражат талап етілмейді |
Бүгінгі күні қазылған шұңқыр көміліп, қоқыстар шығарылды, жол қалпына толықтай келтірілді. |
|
|
6. |
Теңіз жағалауы мен суға түсу орындарын абаттандыру (Қала тұрғыны) |
Б.Орынбасаров Н.Қилыбай
|
2022 жыл желтоқсан |
Қаражат талап етіледі |
Қалалық жағажайларды абаттандыру мақсатында 4-А шағын аудандағы қалалық жағажай сенімгерлік басқаруға берілді. Қазіргі таңда жағажай қала тұрғындары үшін ашық. Аталған жоба сәтті болған жағдайда, қала аумағынан тағы 1 жағажай сенімгерлік басқаруға, берілуге жоспарланып отыр. Ағымдағы жылы 15-ші шағын ауданға теңіз жағалауына 4-дана светодиодты жарық бағаналары орнатылды, алдағы уақытта 14-ші шағын ауданға дейінгі аумаққа қосымша 40-дана жарық бағаналырын орнату жоспарлануда. Сонымен қатар қазіргі таңда 14А шағын аудан, «Приморский», «Жылы жағажай» теңіз жағалауына 3-дана әжетхана орнату жұмыстары басталды. |
|
|
7. |
Балалар үйінің түлектерін жұмыспен қамту (Ерлан Қартбаев) |
Б.Орынбасаров Ә.Шопанов Н.Қилыбай
|
2022 жыл желтоқсан |
Қаражат талап етілмейді |
Ағымдағы жылы наурыз айында балалар үйінің түлектері: Қартбаев Ерлан, Кабылов Аскар, Атаров Мейирбек, Мустафаев Ринат, Асқар Ғабит, Прозументов Марат, Прозументов Тимур өз сұраныстары бойынша «Қаражанбасмұнай» АҚ, «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ, «Бузачи Оперетинг ЛТД» компаниясы 18.03.2022 жылы қолдау хаты жолдады, алайда жұмысқа қабылдауға мүмкіндігі жоқ және біліктілік талаптары сай келмейтіндігі туралы жауап келді. Қазіргі таңда «Татнефть» компаниясынан келіп түскен бос жұмыс орындарына сәйкес а.ж. маусым айында сол компания өткізетін сұхбаттасуға жаздық. Алайда, Қартбаев Ерланға сұхбаттасуға келіңіз деп ұялы телефонына байланысқа шыққан, алайда келмеген. |
|