Маңғыстау облысы Ақтау қалалық мәслихатының 2021 жылғы 16 сәуірдегі №2/18 «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және Ақтау қаласында тұратын мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Ақтау қалалық мәслихаты ШЕШТІ:

1. Маңғыстау облысы Ақтау қалалық мәслихатының «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және Ақтау қаласында тұратын мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидаларын бекіту туралы» 2021 жылғы 16 сәуірдегі №2/18 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде №4501 болып тіркелген) шешіміне мынадай өзгерістер енгізілсін:

көрсетілген шешіммен бекітілген, Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және Ақтау қаласының мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларында:

4 тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

«4. «Қазақстан Республикасында мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтiк қорғау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабында және «Ардагерлер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 2) тармақшасында, 11-бабының 2) тармақшасында, 12-бабының 2) тармақшасында және 13-бабының 2) тармақшасында, 17-бабында көрсетілген адамдарға әлеуметтік көмек осы қағидаларда көзделген тәртіппен көрсетіледі.»;

2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.                                             

 

 

Лауазымы

 

Аты-жөні

 

Дата публикации
14 ноября 2022