Цифрландыру және ақпараттық технологиялар Ақтау қаласы әкімі аппаратының құрылымдық бөлімі болып табылады. Цифрландыру және ақпараттық технологиялар бөлімі өз қызметі мен міндеттерін жүзеге асыруда Қазақстан Республикасының Конституциясын және Заңдарын, Президенттің, Үкіметтің заңнамалық актілерін, «Ақтау қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің Ережесін, қала әкімі аппаратының жұмыс кестесін және осы Ережені басшылыққа алады.