Ақтау қалалық сайлау комиссиясы оқу семинар өткізді

Ақтау қалалық сайлау комиссиясы Ақтау қаласында орналасқан учаскелік сайлау комиссиялары мүшелерімен  Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауын өткізу кезіндегі сайлау процесінің құқықтық негіздері және сайлау комиссиясының жұмысын ұйымдастыру» тақырыбында ағымдағы жылдың 31 қазан мен 5 қараша аралығында оқу семинарын өткізу жоспарлануда.

Бүгін, 31 қазанда бірінші семинар өткізіліп, сайлау заңнамасы, сайлау комиссияларының жүйесі, ұйымдастыру мен өткізудің ерекшеліктері және дайындық іс-шаралары туралы мәселелер талқыланды.

Сонымен қатар учаскелік сайлау комиссияларының мүшелеріне кейс жұмыстары жүргізіліп, рөлдік ойындар ойнатылды.

Семинарға учаскелік сайлау комиссия мүшелерінің 63-і қатысты.

 

Ақтау қалалық сайлау комиссиясы

Дата публикации
31 октября 2022