НҚА ЖОБАСЫ Ақтау қаласы, Өмірзақ ауылы елді мекенінде тұратын және жұмыс жасайтын мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына коммуналдық көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу және отын сатып алу бойынша әлеуметтік қолдау көрсету қағидасы мен мөлшерін бекіту туралы

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148-II Заңының 6 бабы 1- тармағының 15) тармақшасына, «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 18 бабының 5 тармағына сәйкес, «Азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін айқындау туралы» Маңғыстау облысы әкімдігінің 2016 жылғы 25 шілдедегі                   № 233 қаулысы негізінде, Ақтау қаласының мәслихаты ШЕШТІ:

  1. Ақтау қаласы, Өмірзақ ауылы елді мекенінде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтiк қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына бюджет қаражаты есебiнен коммуналдық көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу және отын сатып алу бойынша әлеуметтік қолдау көрсету Қағидасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес бекітілсін.
  2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Ақтау қалалық мәслихатының әлеуметтік мәселелер және заңдылық пен құқық тәртібі мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін (Ы. Көшербай).
  3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Ақтау қалалық мәслихатының хатшысы                                С. Закенов

Дата публикации
28 октября 2022