Ақтау қалалық сайлау комиссиясы қаладағы учаскелік сайлау комиссияларымен отырыс өткізді

Бүгін, 18 қазанда Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауын ұйымдастыру және өткізу тәртіптері туралы Ақтау қалалық сайлау комиссиясы учаскелік сайлау комиссияларымен кездесу өткізді.

Отырысқа Ақтау қаласында орналасқан 83 учаскелік сайлау комиссияларының төрағалары қатысты.

Сонымен қатар Ақтау қалалық сайлау комиссиясының төрағасы Е.Скендиров алдағы уақытта учаскелік сайлау комиссияларының жұмысына сәттілік тілеп, 2022 жылғы 20 қарашасында өтетін Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауын ұйымдастыру бойынша бірқатар тапсырмалар берді.

 

Ақтау қалалық сайлау комиссиясы

Дата публикации
18 октября 2022