Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауын тағайындау туралы

Қазақстан Республикасы Конституциясының 41-бабының 3-1-тармағына сəйкес

ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

 

  1. Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауы 2022 жылдың 20 қарашасына тағайындалсын.

 

  1. Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы кезектен тыс президенттік сайлауды ұйымдастыру мен өткізуді қамтамасыз етсін.

 

  1. Қазақстан Республикасының Үкіметі кезектен тыс президенттік сайлауды ұйымдастырушылық, материалдық-техникалық жəне қаржылық қамтамасыз ету жөніндегі қажетті шараларды қабылдасын.

 

  1. Астана, Алматы, Шымкент қалаларының жəне облыстардың əкімдері сайлау құқығы бар азаматтардың тізімін уақытында жасауды жəне дұрыстығын қамтамасыз етсін, Орталық, аумақтық жəне учаскелік сайлау комиссияларына кезектен тыс

президенттік сайлауды ұйымдастыру мен өткізу мəселелерін шешуде жан-жақты көмек көрсетсін.

 

  1. Осы Жарлық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

Қазақстан Республикасының

 

Президенті                                                                                         Қ.Тоқаев

 

Астана, Ақорда, 2022 жылғы 21 қыркүйек

 

№ 1019

Дата публикации
17 октября 2022