|
1. Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидаттарды ұсыну.
|
|
|
|
Республикалық қоғамдық бірлестіктердің жоғары органдары Сайлау тағайындалған күннен кейінгі күні – 2022 жылғы 23 қыркүйекте басталады және 11 қазанда жергілікті уақыт бойынша сағат он сегізде аяқталады. (55-б., 66-1б.)
|
|
2. Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидаттың Қазақстан Республикасы Конституциясының 33-бабы 2, 3-тармақтарында, 41-бабы 2-тармағында және «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңында қойылатын талаптарға сәйкестігін анықтау.
|
|
|
|
Орталық сайлау комиссиясы. Республикалық қоғамдық бірлестіктің жоғары органы отырысының кандидатты ұсыну туралы хаттамасынан үзiндi көшірмені кандидаттың дауысқа түсуге келiсiмі туралы өтiнiшiмен және кандидаттың сайлау жарнасын енгізгенін куәландыратын құжатпен бірге ұсынылған кезден бастап бес күннің ішінде. (54-б.)
|
|
3. Бұқаралық ақпарат құралдарында аумақтық сайлау комиссияларының құрамдарын жариялау.
|
|
|
|
Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және Республика астанасының сайлау комиссиялары. Сайлау тағайындалғаннан кейiн он күннен кешіктірмей - 2022 жылғы 2 қазаннан кешіктірмей. (13-б. 4-т.)
|
|
4. Бұқаралық ақпарат құралдарында сайлау учаскелерінің шекараларын, учаскелік сайлау комиссияларының құрамдарын жариялау. |
|
|
|
Тиісті әкімдер. Аудандық, қалалық сайлау комиссиялары. Сайлау тағайындалғаннан кейiн он бес күннен кешіктірмей – 2022 жылғы 7 қазаннан кешіктірмей. (17-б. 2-т., 23-б.5-т.)
|
|
5. Шет мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардың байқаушыларын аккредиттеу.
|
|
|
|
Орталық сайлау комиссиясы Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің ұсынуы бойынша. Ұсыным келіп түскен сәттен басталып, дауыс беретін күнге бес күн қалғанда – 2022 жылғы 14 қарашада жергілікті уақыт бойынша сағат он сегізде аяқталады. (20-2-б. 2-т., 3-т., 4-т.)
|
|
6. Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидаттардың сенім білдірген адамдарын тіркеу және әрқайсысына тиісті куәлік беру.
|
|
|
|
Аумақтық сайлау комиссиялары. Сенім білдірілген адамдардың тізімдері тіркеу үшін берілген сәттен бастап. (14-б. 2-1) т.)
|
|
7. Қол қою парақтарын беру.
|
|
|
|
Орталық сайлау комиссиясы. Кандидаттың Қазақстан Республикасының Конституциясында және «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңында белгіленген талаптарға сәйкестігі тексерілгеннен кейін бес күн мерзімнен кешіктірмей. (56-б. 3-т.)
|
|
8. Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидатты қолдап қойылған қолдардың растығын паспорт қызметінің қызметкерлерін қатыстыра отырып тексеру және Орталық сайлау комиссиясына жіберілетін тиісті хаттаманы ресімдеу.
|
|
|
|
Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, Республика астанасының сайлау комиссиялары. Уәкілетті мемлекеттік органдар. Қол қою парақтары тапсырылған күннен бастап он күн мерзімнің ішінде. (56-б. 7-т.)
|