Ақтау қаласы әкімдігімен көрсетілген мемлекеттік қызметтер бойынша 2022 жылдың 9 айы бойынша есебі

Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Мемлекеттік көрсетілетін  қызметтер тізілімін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қыркүйектегі №983 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 05.09.2022 жылғы №310/НҚ қаулысымен бекітілген мемлекеттік қызметтер тізіліміне сәйкес Ақтау қаласының әкімдігімен көрсетілуі тиіс қызметтер түрі – 64 (84 кіші топ).

2022 жылдың 9 айында қала әкімдігіне қарасты мемлекеттік қызмет көрсететін Өмірзақ ауылы әкімдігі, Ақтау қаласының қорғаныс істері жөніндегі басқармасы РММ және 9 мемлекеттік мекемелермен 87 (ЖАО-10, ХҚКО-43, Эл-72) мемлекеттік қызмет түрінен-111495 қызмет көрсетілді.

Оның ішінде Мемлекеттік орган арқылы (ведомстволық бағыныстағы мекемеде) қағаз түрінде көрсетілген қызметтің саны–208, «электрондық  үкімет» веб-порталы және (немесе) мемлекеттік корпорацияарқылы көрсетудің мүмкіндігі бар мемлекеттік қызметтердің мемлекеттік орган арқылы көрсетілгені –1806, ХҚКО арқылы-46155,  электрондық портал арқылы –63326  қызмет көрсетілді.

Бас тартылғандар саны – 15995, оның ішінде электрондық түрінде – 8076, қағаз түрінде - 7919.

Ақтау қаласының әкімдігіне  қарасты  Өмірзақ ауылы әкімінің аппаратымен 3 қызмет түрі көрсетіледі. Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру-46, Жер учаскесін алу үшін кезекке қою-8668, Сауда-саттықты (аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу-11.

 

Мемлекеттік қызметтердің көрсету сапасын бақылау бойынша 2022 жылдың 9 айында өткізілген іс-шаралар

Ақтау қаласы әкімінің 21.12.2021 жылғы № 47-ө «2022 жылға арналған мемлекеттік көрсетілетін қызметтер саласындағы заңнамасының және Қазақстан Республикасының өзге заңнамасының сақталуы бойынша Ішкі мемлекеттік бақылау іс-шараларының жоспарына» сәйкес, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бақылау іс-шараларының саны – 6.

Ішкі бақылау жұмыстары барысында мемлекеттік көрсетілетін қызметтер бойынша 609 кемшіліктер анықталды:

Бақылау шараларының нәтижелері бойынша берілген ұсынымдар саны – 55.

 

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер бойынша 2022 жылдың 9 айында өткізілген түсіндіру жұмыстары туралы

Мемлекеттік қызметтерді электрондық түрде алудың тиімділігі және мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыру мақсатында қала тұрғындарына 2022 жылдың 9 айында 104 түсіндіру іс-шарасы (қатысушылар саны -1983) өткізілді (кеңестер, дөңгелек үстелдер, ашық есік күні, БАҚ-на жарияланған  басылымдар, сұхбаттар және т.б).

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер бойынша біліктілікті арттыру курстарынан өткен қызметкерлердің саны - 6.

Қазіргі таңда қала аумағында 40 (білім беру ұйымдарында-25, Ақтау қаласы әкімдігінің сервис орталығында-2, Ақтау қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің ғимаратында-10 және, Өмірзақ ауылы әкімдігінде-1, Қалалық орталық кітапхана-1, «Неке қию сарайы» ғимараты-1) өзіне-өзі қызмет көрсету бұрыштары жұмыс жасап тұр.

 

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы толық мәлімет www.gov.kz  сайтында көрсетілген.

Дата публикации
07 октября 2022