Ақтау қаласы әкімдігінің теңгеріміне Ақтау қаласының 19 шағын-ауданында орналасқан №14 үйінен 13 пәтер берілуіне байланысты, пәтерлерді бөлу жұмыстары жүргізілуде екенін хабарлаймыз. Бүгінгі күні 12 пәтер бөлінді. Қалғаны 1 пәтер.
Аталған пәтерлер санаттар бойынша пропорционалды түрде бөлінді.
- мемлекеттiк қызметшiлер, бюджеттiк ұйымдардың қызметкерлерi, әскери қызметшiлер және т.б. адамдарға – қалғаны 1 пәтер (Мусалиев Ғ.Е., Нускабаева С.);
Тұрғын үй алу үшін азаматтар тұрғын үй комиссиясының қарауына мынадай құжаттарды ұсынады.
1) тұрғын үй комиссиясы төрағасының атына тұрғын үй комиссиясы белгілейтін нысан бойынша өтініш;
2) өтініш беруші мен оның отбасы мүшелерінің жеке куәліктерінің не паспорттарының көшірмелерін;
3) некеге тұру (бұзу), отбасы мүшелерінің қайтыс болуы, балалардың тууы туралы (болған жағдайда) куәліктің көшірмесін;
4) аумақтық әділет органының (өтініш берушінің және онымен ұдайы тұратын отбасы мүшелерінің меншік құқығында оларға тиесілі үй-жайдың жоқтығы туралы) анықтамасын (Қазақстан Республикасы бойынша);
5) еңбек кітапшасының кадр қызметі растаған көшірмесін немесе қызметтік тізімінен үзіндіні;
6) басқа адамдар өтініш берушінің отбасының мүшесі деп танылған жағдайда өтініш берушіге оларды отбасының мүшесі деп тану туралы соттың шешімін ұсынады;
7) өтiнiш берушiнiң (отбасының) азаматтардың осал тобына жататынын растайтын әлеуметтiк қорғау органының анықтамасын не мемлекеттiк қызметшiнiң, бюджеттiк ұйымдар қызметкерлерiнiң, әскери қызметкерлердiң, ғарышкерлікке кандидаттың, ғарышкердің жұмыс (қызмет) орнынан анықтаманы (коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғын үй берген кезде);
8) халықтың әлеуметтік жағынан осал топтарына жататын азаматтар (мүгедек балалары бар немесе оларды тәрбиелеуші отбасыларды қоспағанда) өтініш жасаудың алдында отбасының әрбір мүшесінің соңғы он екі ай ішінде табысы туралы қосымша мәлімет (коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғын үй берген кезде) тапсырады.
Құжат қабылдау сағат 09.00-18.30 аралығында жүргізіледі. Түскі үзіліс сағат 12.30-14.00 аралығы.
Құжат қабылдаудың басталуы – 2022 жылдың «07» қазан сағат 09.00. Құжат қабылдаудың аяқталуы 2022 жылдың «14» қазан 18.30 дейін.
«Ақтау қалалық тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесі