Ақтау қаласы әкімдігінің 2019 жылғы 20 мамырдағы №1073 «Барлық кандидаттар үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындарын анықтау туралы» қаулысына өзгерістер енгізу туралы

ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Ақтау қаласы әкімдігінің «Барлық кандидаттар үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындарын анықтау туралы» 2019 жылғы 20 мамырдағы №1073 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №3891 болып тіркелген) қаулысына келесі өзгерістер енгізілсін:

көрсетілген қаулының қазақ тіліндегі тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі тақырыбы өзгермейді:

«Барлық кандидаттар үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындарын белгілеу туралы»;

көрсетілген қаулының 2 қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

  1. «Ақтау қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі осы қаулының Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.
  2. Осы қаулының орындалуын бақылау Ақтау қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
  3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

 

Ақтау қаласының әкімі

 

Н. Қилыбай

 

 

 

 

 

«КЕЛІСІЛДІ»

 

Ақтау қалалық аумақтық

сайлау комиссиясы

 

 

Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі

________ облысының/қаласының Әділет департаменті

Нормативтік құқықтық акті 22.09.2022

Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік

тіркеудің тізіліміне № 29752 болып енгізілді

Дата публикации
26 сентября 2022