Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 3 наурыздағы «Әкімдердің халықпен кездесулерін өткізу туралы» №826 Жарлығына сәйкес, 2022 жылдың 20-21 қазан күндері Маңғыстау облысы әкімінің және Ақтау қаласы әкімінің халықпен кездесулері өткізіледі.
Сіздер барлық сұрақтарыңызды, ұсыныстарыңызды және ескертпелеріңізді aktau.gov.kz сайтына, infoaktau@mangystau.gov.kz электрондық поштасына, қала әкімінің блогына сондай-ақ төмендегі көрсетілген орындарға орнатылған арнайы жәшіктерге салу арқылы жолдай аласыздар.
Ақтау қаласы әкімінің аппараты