ШЕШТІМ:
1. Ақтау қаласы әкімінің «Ақтау қаласында сайлау учаскелерін құру туралы» 2019 жылғы 27 ақпандағы №1 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3827 болып тіркелген) шешіміне мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген шешімнің қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. «Ақтау қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі осы шешімнің Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.
3.Осы шешімнің орындалуын бақылау Ақтау қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4.Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
|
Ақтау қаласының әкімі |
|
Н. Қилыбай |
«КЕЛІСІЛДІ»
Ақтау қалалық аумақтық
сайлау комиссиясының
төрағасы
Е.С. Скендіров
«___» __________2022 жыл
Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі
________ облысының/қаласының Әділет департаменті
Нормативтік құқықтық акті 14.09.2022
Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік
тіркеудің тізіліміне № 29574 болып енгізілді