Жоба
Ақтау қаласы әкімдігінің 2020 жылғы 17 ақпандағы №328 «Ақтау қаласында барлық маршруттар үшін жолаушыларды автомобильмен тұрақты тасымалдауға бірыңғай тарифті белгілеу туралы» қаулысына өзгеріс енгізу туралы
ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
- Ақтау қаласы әкімдігінің 2020 жылғы 17 ақпандағы №328 «Ақтау қаласында барлық маршруттар үшін жолаушыларды автомобильмен тұрақты тасымалдауға бірыңғай тарифті белгілеу туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №4134 болып тіркелген) қаулысына келесідей өзгеріс енгізілсін:
Көрсетілген қаулының 1-тармағы келесі мазмұнда жазылсын:
«Ақтау қаласында барлық маршруттар үшін жолаушыларды автомобильмен тұрақты тасымалдауға бірыңғай тарифі 65 (алпыс бес) теңге мөлшерінде белгіленсін».
- Осы қаулы заңнамада белгіленген тәртіппен қалалық мәслихаттың кезекті сессиясына келісу үшін ұсынылсын.
- «Ақтау қаласының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесі осы қаулының Қазақстан Республикасының әділет Министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.
- Осы қаулының орындалуын бақылау Ақтау қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
- Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.