Протокол местного общественного собрания по перейменованию жилых массивов Приозерный 1, 2, 3 и Приморск, а также переименований улиц жилого массива Приморск и присвоение наименований пронумерованным улицам жилого массива Рауан.

Өмірзақ ауылына қарасты Приозерный 1, 2, 3, Приморский тұрғын-үй массивтерінің атаулары мен Приморский көшелерінің атауларын өзгерту, сонымен қатар Рауан тұрғын-үй массивінің нөмірленген көшелеріне атау беру бойынша өткізілген жергілікті қоғамдық жиналысының

 ХАТТАМАСЫ

 

Өмірзақ ауылы                                    № 1                                          08.08.2022 жыл

 

Төрағалық етуші: Ақтау қаласы әкімінің орынбасары Байпақов Әбілхайыр Жанаевич;

Қатысушылар: Өмірзақ ауылының әкімі Құбашов Жетібай Бопышұлы;

Өмірзақ ауылы әкімінің орынбасары Кумбаев Амантай Ясавилевич;

Ақтау қалалық ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімінің бас маманы Парахатов Руслан Бахадирович;

Өмірзақ ауылының және оған қарасты Приморский мен Приозерный 1, 2, 3 және Рауан тұрғын-үй массивінің халқы, барлығы 37 адам қатысты.

          Хатшы: Молдағали Ғабиден Дәулетұлы.

 

КҮН ТӘРТІБІНДЕ:

Өмірзақ ауылына қарасты Приморский, Приозерный 1, 2, 3 тұрғын-үй массивтерінің атаулары мен Приморский көшелерінің атауларын өзгерту және Рауан тұрғын-үй массивінің нөмірленген көшелеріне атау беру

 

  1. Қоғамдық жиын мүшелерінің қатысуымен Өмірзақ ауылына қарасты Приморский, Приозерный 1, 2 , 3 тұрғын-үй массивтерінің атауларын өзгерту және Приморский тұрғын-үй массивінің көшелерінің атауларын өзгерту, Рауан тұрғын-үй массивінің көшелеріне атау беру және лайық деп табылған атауларды халық қарауына ұсыну мақсатында өткізілген жергілікті қоғамдық жиналысын Өмірзақ ауылының әкімі  Ж. Құбашев ашты.

Ж.Құбашев: өздеріңіз білетіндей қазіргі таңда, Приморск, Приозерный 1, 2, 3, Рауан елді мекендеріне тұрғын-үй массиві мәртебесі берілді. Нәтижесінде, аталған елді мекендерге «Тұрғын үй массиві» мәртебесінің берілуі, көптеген артықшылықтар береді. Ендігі кезекте, Өмірзақ ауылына қарасты осы тұрғын-үй массивтерінің атаулары мен көше атауларын жаңғырту мақсатында осы қоғамдық жиналысты ұйымдастырып отырмыз.

Алдымен халық сұрауы бойынша Приморск тұрғын-үй массивінің атауын «Ақжелкен», Приозерный 1, 2, 3 тұрғын-үй массивінің атауын «Оймашы» деп, сонымен қатар осы Приозерный 1, 2, 3 тұрғын үй массивінің көшелерінің атауын өзгерту және Рауан тұрғын-үй массивінің нөмірленген көшелеріне атау беру осы хаттаманың №2 қосымшасына сәйкес өзгертуді ұсынып отырмыз.

Бүгінгі жиналысымыз халықтың ой-пікірін ескеру мақсатында ұйымдастырылып отыр. Қазір ұсынылып отырған атаулар оқылады. Сіздің тарапыңыздан қарсылықтарыңыз болса «Қарсымын» деп және не үшін қарсы екендігіңізді атап кетулеріңіз керек. Қазір өз ұсыныстарыңызды беріңіздер. Бәріңіздің ұсыныстарыңыз хатшымен тіркеледі. Ендігі сөз кезегін Ақтау қаласы әкімінің орынбасары Байпақов Әбілхайыр Жаңайұлына беремін.

Ә.Байпақов: Қазіргі таңда Өмірзақ ауылына үш тұрғын массивтер: Приморский, Приозерный 1, 2, 3 және Рауан жатады. Бүгінгі уақытта Рауан жаңадан аталған атау, сондықтан бұл атау өзгертуді қажет етпейді.

Ал Приморский мен Приозерный 1, 2, 3 атаулары бұрыннан келе жатқан атаулар. Сондықтан біздің алдымыздағы міндет, Өмірзақ ауылына қарасты осы екі елді мекеннің (Приморский, Приозерный) атауын өзгерту, сонымен қатар Приморский тұрғын үй массивінің көшелерінің атауын өзгерту және Рауан тұрғын үй массивіндегі халық нөмірмен атап кеткен көшелерге атау беру қажет. Бұл көше атаулары барлығын заман талабына сай, тарихи жер-су аттарын қою қою керек.

 

Қоғамдық жиналыста атауларға қатысты талқылаулар болды. Әр елді мекен бойынша халықтың пікірі тыңдалды, қарсы болғандар өз пікірін тұрғын үйлерінің құжаттарын қайта рәсімдеуге қатысты қиындықтармен байланыстырды, ал жалпы жиналған көпшілік атауларды өзгертуді қолдады.

Приморский тұрғын-үй массивінің атауын «Ақжелкен», Приозерный тұрғын-үй массивінің атауын «Оймашы» деп өзгертуді, сонымен қатар Приморский тұрғын үй массивінің көше атауларын өзгертуді және Рауан тұрғын-үй массивінің нөмірмен белгіленген көшелеріне атау беруге қатысты қоғамдық жиналысқа барлығы 37 азамат қатысты.

Атауларды өзгертуге қатысты мәселе, жиналысқа қатысушылардың арасында ашық дауысқа салынып, көпшілік дауыспен Приморский тұрғын-үй массивінің атауын «Ақжелкен», Приозерный тұрғын-үй массивінің атауын «Оймашы» деп өзгерту, сонымен қатар Приморский тұрғын үй массивінің көше атауларын өзгерту және Рауан тұрғын-үй массивінің нөмірмен белгіленген көшелеріне атау беруді:

қолдағандар: 29;  

қарсы болғандар: 3;

қалыс қалғандар: 5.

 

ҚОҒАМДЫҚ ЖИНАЛЫС ШЕШТІ:

  1. Өмірзақ ауылына қарасты «Приозерный-1, 2, 3» тұрғын үй массивтерінің атаулары 1 қосымшаға сәйкес «Оймашы» атауына өзгертілсін;
  2. Өмірзақ ауылына қарасты «Приморский» тұрғын үй массивінің атауы 1 қосымшаға сәйкес «Ақ желкен» атауына өзгертілсін;
  3. Өмірзақ ауылына қарасты «Приморский» тұрғын үй массивінің көшелерінің атаулары №2 қосымшаға сәйкес өзгертілсін;
  4. Өмірзақ ауылына қарасты «Рауан» тұрғын үй массивінің көшелеріне №3 қосымшаға сәйкес атаулар берілсін.

 

 

 

Қоғамдық жиын төрағасы:                                                                   Ә. Байпақов

 

Өмірзақ ауылы әкімі:                                                                             Ж.Құбашев    

       

Қоғамдық жиын хатшысы:                                                                     Ғ. Молдағали

 

                                                                                                                       

  №1 қосымша

 

                               Приморский тұрғын-үй массивінің атауын өзгерту

 

№

 Бұрынғыатауы

Келісімделінген

       атауы

                         Мағынасы

1

 Приморский

     Ақ желкен

Желкен - жел энергиясын, кеменің қозғалтқыш күшіне айналдыруға арналған құрал. Қозғалтқылқыштардың ерте заманғы түрлерінің бірі (теңізде жүзудің 6000 жылдық дәуірін қамтиды.).

Желкен - кеме діңгектеріне бекітілген мата түрінде болады. Сонымен қатар желкенге қазіргі кезде жасалып жүрген эродиномикалық эквивалентті қатты қабық түріндегі желкен жатады.

 

 

                            Приозерный тұрғын-үй массивінің атауын өзгерту

  

№

  Бұрынғы

    атауы

    Келісімделген

          атауы

                     Мағынасы

1

Приозерный - 1, 2, 3

     Оймашы

Тұрғын массив орналасқан жердің

бұрынғы атауы және Қарақия

ауданындағы тұз кенінің атауы.  

                             

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

№2 қосымша

                      

Приморский тұрғын массиві көшелерінің атауын өзгерту

 

№

  Бұрынғы

    атауы

    Келісімделген

          атауы

                     Мағынасы

1

Жемчушная

 Ақ маржан    

Маржан - деп әшекей бұйымдар жасалатын қызыл және қара маржандардың қаңқаларын да айтады. Түсі алуан түрлі болып кездеседі. Одан түрлі зергерлік және әшекей бұйымдар жасалады.

2

Весеняя

Көктем

Көктем – жыл мезгілінің бірі.

3

Урожайная

Құлагер

Құлагер – жылқы тұқымының төрт тұяғын тең басқан тұлпарды айтады. Солардың ішінде бүгінге аңыз болып жеткен, әйгілі Ақан серінің жан серігі, Ілияс Жансүгіровтей тұлғаның поэмасына арқау болған айтулы тұлпар.

4

Душистая

Достық

Достық - адамдардың бір-біріне адал, қалытқысыз сеніп, бір мүдеде, ортақ көзқараста болатын қасиеті. Достық өзара жауапкершілік пен қамқорлықтың, рухани жақындықтың белгісі.

5

Майская

Мамыр

Мамыр - көктемнің соңғы айы. Жыл құстарының мамығын төгіп, көл жағасына ұя салып мамырлайтын, семіретін кезі. Ескі түркі тілінде «Мамыр» тоқшылық, семіру деген мағынаны білдіреді.

6

Каспийская

Асар

Асар - қазақы ортада ауқымды да күрделі жұмыстарды ауылдас, руластар мен жетіаталық экзогамиялық ру, қауымның негізгі құрамдас бөлігі. Біраталардың бірлесіп атқаратын харекетінің атауы.

7

Пляжная

Балауса

Балауса - ылғалды жерде өсетін шүйгін шөптершырынды мал азығы. 

8

Речная

Ақ қайнар

Қайнар - дегеніміз бұлақтың көзі.

9

Прохладная

Самал

Самал – желдің, адам жанына жағымды түрі.

10

Целинная

Ақ бидай

Бидай - астық дақылына жататын аса маңызды дәнді-дақыл.

11

Лазурная

Шұғыла

Шұғыла – дегеніміз, күннің төгетін нұры.

12

Дачная

Қайсар

Қайсар – дегеніміз адам бойындағы табандылық пен өжет, салмақты мінезіне байланысты айтылатын қасиеті.

13

Теннистая

Жайлау

Жайлау - жазғы қоныс. Жайлауды суы мол, шөбі шүйгін, маса-сона, шыбын-шіркейі аз жерлерді атаған.

14

Полевая

Арай

Арай - күн шығар кездегі немесе оның батар алдындағы атмосферадағы әсем жарық құбылыстардың жиынтығы. Күннің көкжиек сызығына қатысты орналасуына сәйкес аспан бояуларының ауысымын айтады. 

15

Прибрежная

Мереке

Мереке - мемлекеттік, ресми түрде бекітілген салтанатты оқиғалар.

16

Степная

Ынтымақ

Ынтымақ – жеке адамдар немесе ұжым арасындағы бірлік.

 

№3 Қосымша

 

Рауан тұрғын массиві көшелерінің атауын өзгерту

 

№

Бұрынғы атауы

   Келісімделген               

        атауы                                                                          

                 Түсінігі

1

  №1

Аққорған

Төбе атауы. Шетпе кентінен оңтүстік батыста орналасқан Ақтау жотасының биік жері.

2

  № 2

Жолбаян

Үстірттегі құдық атауы.

3

  № 3

Ақмая

Тау жотасы. Солтүстік Ақтау жотасының бір бөлігі.

4

  №4

Шыңырау

Құдық атауы. Бозашы түбіндегі Шебір ауылының солтүстігінде орналасқан.

5

  №5

Ақеспе

Жыра  атауы. Ақтау-Қаламқас тас жолының батыс бетінде орналасқан.

6

  №6

Саура

Түпқараған ауданында орналасқан шатқал атауы.

7

  №7

Ақтас

Алқап атауы.

8

  №8

Теректі

Бейнеу ауданында орналасқан жердің атауы.

9

  №9

Ақбұлақ

Бұлақ атауы. Жармыш ауылының оңтүстік шығысында Қаратау жотасы

10

  №10

Қауынды

Ағынсыз ойыс. Кендірлі

шығанағының солтүстік-шығысында орналасқан сордың атауы.

11

  №11

Күйкен

Бейнеу ауданда орналасқан жердің атауы.

12

  №12

Манашы

Бейнеу ауылының оңтүстік-батысынан 35-40 шақырым жерде орналасқан сордың және сол жерден басталатын сай атауы.

13

  №13

Қосқұдық

Үстірттегі құдық атауы.

14

  №14

Тасорпа

Бозашы түбегінің солүстік-шығыс

бөлігінің атауы.

15

  №15

Ақсай

Қараман-ата қорымынан 6 - 7 шақырым жердегі суы бар, сай атауы.

16

  №16

Тамшалы

Түпқараған ауданында орналасқан табиғи су көзі. Форт-Шевченко қаласынан солтүстікке қарай 35 шақырым жердегі кеуек үңгір.

17

  №17

Асар

Алқап атауы, Жетібай ауылынан 15 шақырым жерде орналасқан.

18

  №18

Еңселі

Ақтау жотасының оңтүстік беткейінде Шоқырық тауының қасындағы жер атауы. Жыңғылды ауылынан оңтүстікте орналасқан.

19

  №19

Сарытас

Теңіз шығанағының атауы. Маңғышылақ шығанағының шетін құрайды.

20

  №20

Ақсеңгір

Таудың атауы, биіктігі 181 метр. Оңтүстік Ақтау жотасының Шақырған ойына қараған бетінде, Жыңғылды ауылының оңтүстік-шығысында орналасқан.

21

  №21

Желтау

Таудың атауы, биіктігі 221 метр. Маңғыстау обылысының солтүстік нүктесі, Атырау облысымен шектесер тұс.

22

  №22

Ағашты

Құдық атауы. Қайдақ сорының оңтүстік шығыс шеті мен Тұзбайыр сорының аралығында орналасқан.

23

  №23

Сарша

Қарақия ауданында орналасқан жер атауы.

24

  №24

Ақсу

Қараған түбектегі жер атауы.

25

  №25

Қаратөбе

Алқап атауы. Бозашы түбегіндегі Тұщықұдық

ауылынан шығыста орналасқан.

26

  №26

Аққұдық

Құдық атауы. Сарытас шығанағының жағалауында, Таушық ауылының солтүстік-батысында орналасқан.

27

  №27

Жиделі

Алқап атауы. Бейнеу ойында орналасқан.

28

  №28

Кемер 

Үстірттің кемері, жағасы деген мағынаны береді.

29

  №29

Шақпақты

Қарақия ауданындағы жер атауы.

30

  №30

Көгез

Шетпеден солтүстікке, Айрақты тауы мен Батыс Қаратау аралығында

орналасқан жазық алқап атауы.

31

  №31

Бесоқты

Құдық атауы. Түйесу құмының оңтүстігінде, Сенек ауылына шығысында орналасқан.

32

  №32

Тұран

Қазақстанның оңтүстік-батысынан шығысына дейін созылып жатқан кең жазық. Оған Маңғыстау, Үстірт, Тоғай үстірті, Арал маңы, Сырдария бойы, Қызылқұм, Бепақдала, Мойынқұм, Балқаш Алакөлі аймағы түгел кіреді.

Дата публикации
11 августа 2022