Ақтау қаласындағы халық үшін тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, тасымалдауға, сұрыптауға және көмуге арналған тарифтерді бекіту туралы
Қазақстан Республикасының Экология кодексі, Қазақстан Республикасының «Құқықтық актілер туралы» Заңына сәйкес Ақтау қалалық мәслихаты ШЕШТІ:
- Ақтау қаласындағы халық үшін тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, тасымалдауға, сұрыптауға және көмуге арналған тарифтері қосымшаға сәйкес бекітілсін.
- «Ақтау қалалық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесі осы шешімнің Қазақстан Республикасының әділет Министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.
- Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.