Қазақстан Республикасының Экология кодексі, Қазақстан Республикасының «Құқықтық актілер туралы» Заңына сәйкес Ақтау қалалық мәслихаты ШЕШТІ:
- Ақтау қаласындағы халық үшін тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, тасымалдауға, сұрыптауға және көмуге арналған тарифтері қосымшаға сәйкес бекітілсін.
- «Ақтау қалалық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесі осы шешімнің Қазақстан Республикасының әділет Министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.
- Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.