Ақтау қаласы әкімінің аппараты, Сізге «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді мониторингілеу бөлімінің 2022 жылға арналған жұмыс жоспарына» сәйкес ағымдағы жылдың маусым айында атқарылған жұмыстардың ақпаратын төмендегідей баяндайды.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің тәртібін қызмет алушыларға түсіндіру мақсатында 15 шара өткізілді:
20.06.2022 ж. Ақтау қалалық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі мемлекеттік қызметтерді көрсетудің тәртібін түсіндіру бойынша әлеуметтік желілерге (Инстаграм, Фейсбук) және 24.06.2022 ж. «Ақпарат айдыны» республикалық газетінің 24.05.2022 жылғы №90 (513) нөмеріне ақпараттар жариялады (скриншот жалғанды).
https://www.instagram.com/p/CfTuQKFs8IC/?igshid=YmMyMTA2M2Y=
23.06.2022 ж. Ақтау қалалық жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімі мемлекеттік қызметтерді көрсетудің тәртібін түсіндіру бойынша әлеуметтік желілерге (Инстаграм, Фейсбук) ақпараттар жариялады.
https://www.instagram.com/tv/CfJa1SjyCb/?igshid=YmMyMTA2M2Y=
https://www.instagram.com/tv/CfJam9ejYy7/?igshid=YmMyMTA2M2Y=
27.06.2022 ж. Ақтау қалалық дене шынықтыру және спорт бөлімі мемлекеттік қызметтерді көрсетудің тәртібін түсіндіру бойынша әлеуметтік желілерге (Инстаграм, Фейсбук) ақпараттар жариялады.
https://www.instagram.com/p/CfTM9PUMvKt/?igshid=MDJmNzVkMjY=
29.06.2022 ж. Ақтау қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы бөлімі мемлекеттік қызметтерді көрсетудің тәртібін түсіндіру бойынша әлеуметтік желілерге (Инстаграм, Фейсбук) ақпараттар жариялады.
https://www.instagram.com/p/CfZoXWAM650/?igshid=MDJmNzVkMjY=
23.06.2022 ж. Ақтау қаласы әкімінің инстаграм және фейсбук парақшаларында тікелей эфир арқылы халықты жұмыспен қамту, кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы, дене шынықтыру, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар салалары бойынша онлайн жәрмеңке өткізілді.
Тікелей эфирде мамандар мемлекеттік қызметтер туралы толық ақпараттар беріп, тұрғындардың сұрақтарына жауап берді. Тікелей эфир кезінде қамтылған адам саны-84 (фотосурет, скриншот жалғанды).
https://instagram.com/aktau_akimat/live/17970519598589250?igshid=YmMyMTA2M2Y=
22.06.2022 ж. Ақтау қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығының ұйымдастыруымен бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтті. Шара барысында 45-ге жуық адам қамтылып, өз сұрақтарына жауап алды (фотосурет жалғанды).
https://www.instagram.com/tv/CfJUGANAs0X/?igshid=MDJmNzVkMjY=
22.06.2022 ж. Ақтау қалалық №1 халыққа қызмет көрсету орталығында ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша департаменті жанындағы мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі ведомствоаралық жұмыс тобының мүшесі Үсіпбаев Дайрабай Мамашұлының және «Еңбекші көшіп келушіге рұқсаттарды беру және ұзарту», «Жер учаскесін алу үшін кезекке қою» мемлекеттік көрсетілетін қызметтеріне жауапты мамандардың қатысуымен «Қоғамдық қабылдау» жүргізілді.
Қоғамдық қабылдауға Мемлекеттік корпорация филиалының директоры А. Мұзбаев пен филиал мамандары да қатысты.
Қабылдау кезінде, қала тұрғындарына мемлекеттік көрсетілетін қызметтер мәселелері бойынша кеңестер беріліп, сұрақтарына жауаптар берілді. Қамтылған адамдар саны-25 (фотосурет жалғанды).
Сонымен қатар, 27.06.2022 ж. Ақтау қалалық тұрғын үй инспекциясының бас маманы А. Бисенов Маңғыстау облысының энергетика және тұрғын-үй коммуналдық шарушылық басқармасының мамандарымен тәжірибе алмасты (фотосурет жалғанды).
Ағымдағы жылдың 27 маусымы мен 01 шілде аралығында Ақтау қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің мамандары А. Қаразова, Ж. Байназарова, Ж. Өтепбергенова Нұр-Сұлтан қалалық жұмыспен қамту, еңбек және әлеуметтік қорғау басқармасының мамандарымен тәжірибе алмасты (фотосурет жалғанды).
02.06.2022 ж. Ақтау қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімімен көрсетілетін мемлекеттік қызметтеріне мемлекеттік құқықтық жұмыс бөлімінің мамандарымен кешенді талдау жұмыстары жүргізілді. Талдау жұмыстары кезінде қызмет көрсетуде орын алған бас тартулар және нормативтік құқықтық актілері талқыланып, заңға түсініктер берілді (фотосурет жалғанды).
08.06.2022 ж. Ақтау қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы бөлімімен көрсетілетін мемлекеттік қызметтерді талқылау бойынша ХҚКО мамандарымен бірлескен семинар өтті (фотосурет жалғанды).
16.06.2022 ж. Азаматтық хал актілерін тіркеу, ауыл шаруашылығы және тұрғын-үй коммуналдық салалары бойынша көрсетілетін мемлекеттік қызметтерге жауапты мамандардың қатысуымен Мемлекеттік корпорацияның ХҚКО қызметкерлерімен бірігіп семинар өткізілді. Шара барысында ХҚКО арқылы көрсетілетін қызметтерге құжаттарды қабылдау кезінде олардың дұрыстығына назар аударуды және ақпараттық жүйеге тиісті мәліметтерді дұрыс енгізу бойынша түсінік жұмыстары жүргізіліп, қызметтердің көрсетілу тәртібі талқыланды (фотосурет жалғанды).
30.06.2022 ж. Ақтау қаласы әкімінің орынбасары Ә. Байпақовтың төрағалығымен «Әскери қызметке шақыруды кейiнге қалдыру» және «Азаматтарды әскери қызметке шақырудан босату» мемлекеттік қызметтерінің көрсетілу тәртібін талқылау бойынша жиын өтті.
Жиын барысында, Ә. Байпақов мемлекеттік көрсетілетін қызметтерге жауапты мамандарға мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыруды, қызмет көрсету кезінде нормативтік құқықтық актілерді басшылыққа алуды және аталған қызмет бойынша білікті мамандармен тәжірибе алмасуды ұйымдастыруды тапсырды (фотосурет жалғанды).