Ақтау қалалық мәслихатының 2022 жылғы 15 сәуірдегі №12/107 «2022-2024 жылдарға арналған Ақтау қаласының бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Ақтау қалалық мәслихаты ШЕШТІ:

  1. Ақтау қалалық мәслихатының «2022-2024 жылдарға арналған Ақтау қаласының бюджеті туралы» 2021 жылғы 27 желтоқсандағы №10/84 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 26233 болып тіркелген)  келесідей өзгерістер енгізілсін:

1 тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "1. 2022-2024 жылдарға арналған қалалық бюджет тиісінше осы шешімнің 1, 2 және 3 қосымшаларына сәйкес, оның ішінде 2022 жылға мынадай көлемдерде бекітілсін:

      1) кірістер – 41 582 341,3 мың теңге, оның ішінде:

      салықтық түсімдер бойынша – 29 348 479,5 мың теңге;

               салықтық емес түсімдер бойынша – 111 870,0 мың теңге;

      негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер бойынша – 6 531 771,8 мың теңге;

          трансферттердің түсімдері бойынша – 5 590 220,0 мың теңге;

      2) шығындар – 37 569 529,1 мың теңге;

      3) таза бюджеттік кредиттеу – 1 674 879,0 мың теңге, оның ішінде:

       бюджеттік кредиттер – 1 787 139,0мың теңге;

       бюджеттік кредиттерді өтеу – 112 260,0 мың теңге;

      4) қаржы активтерiмен операциялар бойынша сальдо – 0 теңге, оның ішінде:

      қаржы активтерiн сатып алу – 0 теңге;

      мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер – 0 теңге;

      5) бюджет тапшылығы (профициті) – 2 337 933,2 мың теңге;

      6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) –                            -2 337 933,2 мың теңге, оның ішінде:

      қарыздар түсімі – 1 787 139,0 мың теңге;

      қарыздарды өтеу – 4 903 297,0 мың теңге;

      бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары – 778 224,8 мың теңге";

көрсетілген шешімнің 1 қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

  1. Осы шешім 2022 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.
Дата публикации
05 июля 2022