Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің м.а. 2021 жылғы 16 қыркүйектегі № 454 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 24 қыркүйекте № 24508 болып тіркелді.
ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Осы бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 6 т. қараңыз
"Азаматтық қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 12-2-бабының 14-11) тармақшасына сәйкес және "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
- Осы бұйрыққа қоса беріліп отырған Қауіпті өндірістік объектіні пайдаланатын ұйымдардың қауіпті өндірістік объектіні салуға, кеңейтуге, реконструкциялауға, жаңғыртуға, консервациялауға және жоюға арналған жобалау құжаттамасын келісу қағида бекітілсін.
- "Қауіпті өндірістік объектілерді салуға, кеңейтуге, реконструкциялауға, жаңғыртуға, консервациялауға және жоюға арналған жобалау құжаттамасын келісу" мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 2020 жылғы 8 сәуірдегі № 189 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20371 болып тіркелген, Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде 2020 жылғы 16 сәуірде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
- "Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы кейбір бұйрықтарға өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2021 жылғы 2 маусымдағы № 256 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 22938 болып тіркелген):
өзгерістер енгізілетін өнеркәсіптік қауіпсіздік саласында мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы кейбір бұйрықтардың тізбесінде:
4-тармақ алып тасталсын.
- Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
- Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар вице-министріне жүктелсін.
- Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.