Ақтау қаласы город Актау
Маңғыстау облысы Ақтау қалалық мәслихаты ШЕШТІ:
Көрсетілген шешіммен бекітілген, Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және Ақтау қаласының мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларында:
7 тармақтың 8 тармақшасы келесі мазмұнда жаңа редакцияда жазылсын:
«8) Санаторий-курорттық емделуге әлеуметтік көмек заттай (Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу заңнамасына сәйкес анықталған санаторий-курорттық мекемелерге жолдама) немесе ақшалай (шот-фактураны, фискалдық чекті және орындалған жұмыс актісін ұсына отырып, Қазақстан Республикасының аумағында санаторий-курорттық емделу үшін кеткен шығынды тиісті қаржы жылына бюджеттік есепті жасау барысында бекітілген жолдаманың құны мөлшерінде өтеу) нысанда, өтініші бойынша, біржолғы, кірісі есебінсіз, мұқтаж азаматтардың келесі санаттарына көрсетіледі:
- Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне, басқа мемлекеттердің аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлеріне және жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысына қатысушыларға теңестірілген адамдарға, олардың жесiрлерiне, қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасыларына, тылда еңбек еткен және әскери қызмет өткерген азаматтарға;
- Қазақстан Республикасының аумағында санаториялық-курорттық емделуге кеткен шығынды өтеу түрінде, медициналық процедураларды қоспағанда, тұру және тамақтану ақысын төлеумен, отыз бес айлық есептік көрсеткіштен аспайтын мөлшерде, санаторлық-курорттық ем алғаннан кейін отыз күнтізбелік күннен кешіктірмей өтініші бойынша, мүгедек-балаларды және оңалтудың жеке бағдарламасы бойынша жеке көмекшінің әлеуметтік қызметтерін көрсету шарасы бар бірінші топтағы мүгедектерге (жұмыс берушінің кінәсінен өндірістік жарақат алған немесе кәсіптік ауруға шалдыққан мүгедектерді қоспағанда) еріп жүретін тұлғаларға, бірақ еріп жүретін бір тұлғадан артық емес.».
|
Лауазымы |
|
Аты-жөні |