Ақтау қаласы әкімінің аппараты, Сізге «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді мониторингілеу бөлімінің 2022 жылға арналған жұмыс жоспарына» сәйкес ағымдағы жылдың мамыр айында атқарылған жұмыстардың ақпаратын төмендегідей баяндайды.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің тәртібін қызмет алушыларға түсіндіру мақсатында 9 шара өткізілді:
16.05.2022 ж. Ақтау қаласы әкімінің инстаграм және фейсбук парақшаларында тікелей эфир арқылы жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы, азаматтық хал актілерін тіркеу, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары салалары бойынша онлайн жәрмеңке өткізілді.
Тікелей эфирде мамандар мемлекеттік қызметтер туралы толық ақпараттар беріп, тұрғындардың сұрақтарына жауап берді. Тікелей эфир кезінде қамтылған адам саны-65 (фотосурет, скриншот жалғанды). https://www.instagram.com/p/Cdp3cf8sssF/?igshid=MDJmNzVkMjY=
18.05.2022 ж. Ақтау қалалық азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімінің маманы мемлекеттік қызметтердің көрсетудің тәртібін түсіндіру бойынша «Жолбаян» радиосында «Қоғам тынысы» бағдарламасында тікелей эфир арқылы сұхбат берді (фотосурет жалғанды).
19-20 мамыр күндері Ақтау қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі мемлекеттік қызметтерді көрсетудің тәртібін түсіндіру мақсатында «Жәрмеңке» өткізді. Қамтылған адамдардың саны-292 (фотосурет жалғанды).
20.05.2022 ж. «Ақтау қалалық азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі мемлекеттік қызметтерді көрсетудің тәртібін түсіндіру бойынша әлеуметтік желіге (Инстаграм) ақпараттар жариялады.
https://www.instagram.com/p/CdxSeWyjnWe/?igshid=YmMyMTA2M2Y=
https://www.instagram.com/p/CdxSYv6jZYY/? igshid=YmMyMTA2M2Y
31.05.2022 ж. Өмірзақ ауылы әкімі аппараты мемлекеттік қызметтерді көрсетудің тәртібін түсіндіру бойынша әлеуметтік желіге (Инстаграм, Фейсбук) ақпараттар жариялады.
https://www.instagram.com/tv/CeTZCWEg0Di/?igshid=YmMyMTA2M2Y=
31.05.2022 ж. Ақтау қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығы мемлекеттік қызметтерді көрсетудің тәртібін түсіндіру бойынша әлеуметтік желіге (Инстаграм) ақпарат жариялады.
https://www.instagram.com/p/CeV8DzsMx-t/?igshid=MDJmNzVkMjY=
Сонымен қатар, ағымдағы жылдың 11-13 мамыр аралығында Ақтау қалалық жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімінің сектор меңгерушісі Э. Туралбаева ҚР Ауылшаруашылығы Министрлігі жер ресурстарын басқару комитетінің мамандарымен тәжірибе алмасты (фотосурет жалғанды).
19-20.05.2022 ж. Ақтау қалалық мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімінің маманы О. Бисалиев Маңғыстау облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының мамандарымен тәжірибе алмасты (фотосурет жалғанды).
24.05.2022 ж. Ақтау қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің бас маманы Ж. Мейилов Маңғыстау облысы жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының мамандарымен тәжірибе алмасты (фотосурет жалғанды).
31.05.2022 ж. Ақтау қалалық тұрғын үй коммуналдық бөліміне жүргізілген Ішкі бақылау кезінде анықталған бұзушылықтарды талқылау бойынша жиын өтті. Жиында аталған бөлім басшысына мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыруды және алдағы уақытта заң бұзушылықтарға жол бермей нормативтік құқықтық актілерге сәйкес қызмет көрсетуді қатаң түрде ескертіп, заң бұзушылықтарға жол берген мамандарға тиісті шара қабылдауды тапсырды (фотосурет жалғанды).