Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер бойынша сәуір айында өткізілген шаралар жөнінде ақпарат

Ақтау қаласы әкімінің аппараты, Сізге «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді мониторингілеу бөлімінің 2022 жылға арналған жұмыс жоспарына» сәйкес ағымдағы жылдың сәуір айында атқарылған жұмыстардың ақпаратын төмендегідей баяндайды.

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің тәртібін  қызмет алушыларға  түсіндіру мақсатында 14 шара өткізілді:

01.04.2022 ж. Ақтау қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі мемлекеттік қызметтерді көрсетудің тәртібін түсіндіру бойынша әлеуметтік желіге (Инстаграм) ақпарат жариялады. https://www.instagram.com/tv/CbzD4INgeWh/?igshid=YmMyMTA2M2Y=

04.04.2022 ж. Ақтау қалалық экономика және бюджетті жоспарлау бөлімі мемлекеттік қызметтерді көрсетудің тәртібін түсіндіру бойынша әлеуметтік желіге (Инстаграм) ақпарат жариялады.

https://www.instagram.com/p/CbKdxGfMrcJ/?igshid=YmMyMTA2M2Y= https://www.instagram.com/p/Cb7lT4RMe4v/?igshid=YmMyMTA2M2Y=

19.04.2022 ж. Ақтау қалалық жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімі мемлекеттік қызметтерді көрсетудің тәртібін түсіндіру бойынша әлеуметтік желілерге (Инстаграм, Фейсбук) ақпараттар жариялады.

https://www.instagram.com/p/Cch9D9Jsl_u/?igshid=YmMyMTA2M2Y=

https://www.instagram.com/p/Cch9S-9Mmet/?igshid=YmMyMTA2M2Y=

https://www.facebook.com/100046948263927/posts/516530153255256/?app=fbl

https://www.facebook.com/100046948263927/posts/516531219921816/?app=fbl

19.04.2022 ж. Ақтау қалалық тұрғын-үй комуналдық шаруашылығы бөлімі мемлекеттік қызметтерді көрсетудің тәртібін түсіндіру бойынша әлеуметтік желілерге (Инстаграм) ақпараттар жариялады.

https://www.instagram.com/p/CcsuTEVsk3y/?igshid=YmMyMTA2M2Y= 
https://www.instagram.com/p/Ccv63RysTIZ/?igshid=YmMyMTA2M2Y= 
https://www.instagram.com/p/Ccv54goM-hm/?igshid=YmMyMTA2M2Y=

            22.04.2022 ж. Ақтау қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі мемлекеттік қызметтерді көрсетудің тәртібін түсіндіру бойынша әлеуметтік желіге (Инстаграм) ақпарат жариялады.

https://www.instagram.com/p/CcpkOwGsIku/?igshid=MDJmNzVkMjY

         Сонымен қатар, мемлекеттік қызметтердің сапасын жақсарту мақсатында, қала тұрғындарының назарына, «Adver» анықтамалық-жарнама компаниясымен бірігіп, коммуналдық төлемдердің түбіртегінде көрсетілетін мемлекеттік қызметтерді көрсетудің тәртібі жарияланды (фотосурет жалғанды).

https://www.instagram.com/p/CcnPmnKsysm/?igshid=YmMyMTA2M2Y=  
https://www.instagram.com/p/CcnPlG9sNQM/?igshid=YmMyMTA2M2Y= 

         Ақтау қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығының мамандары 12.04.2022 жылы  жұмыссыздық мәселесін азайту және жастардың диплом алғаннан кейінгі кезеңіне бағдар беру мақсатында студенттермен кездесіп түсіндіру жұмыстарын жүргізді (қамтылған адамдар саны-60) және

26.04.2022 ж. Ш.Есенов  атындағы Каспий технологиялар және инжиниринг университетімен бірлесе отырып «Жаңа мүмкіндіктер»  бос жұмыс орындары жәрмеңкесін өткізді (қамтылған адамдар саны-200, фотосурет жалғанды).

https://www.instagram.com/reel/CcUv77lgHN_/?igshid=MDJmNzVkMjY= 
https://www.instagram.com/tv/Cc2TIBegsCD/?igshid=MDJmNzVkMjY= 
         Ағымдағы жылдың 1-7 сәуір аралығында Ақтау қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің ардагерлермен жұмыс және әлеуметтік мәселелер секторының меңгерушісі Алия  Сагатовна Тогызбаева Атырау қалалық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімінің мамандарымен тәжірибе алмасты (фотосурет жалғанды).

         28.04.2022 ж. мемлекеттік қызметтерді көрсететін жауапты мамандардың қатысуымен Мемлекеттік корпорацияның ХҚКО қызметкерлерімен бірігіп семинар өткізілді.

         Шара барысында тұрғын-үй көмегін тағайындау,  ауылдық елді мекендерге жұмыс істеуге және тұруға келген мамандарға әлеуметтік қолдау көрсету, тұрғын-үй кезегіне тіркеу және жер учаскесін алу үшін кезекке қою мемлекеттік қызметтеріне құжаттарды нормативтік құқықтық актілерге сәйкес қабылдауды және ақпараттық жүйеге тиісті мәліметтерді дұрыс енгізу бойынша түсінік жұмыстары жүргізіліп, қызметтердің көрсетілу тәртібі талқыланды (фотосурет жалғанды).

Дата публикации
04 мая 2022