Ақтау қаласының әкімдігімен 2022 жылдың І тоқсанында көрсетілген мемлекеттік қызметтердің талдамалық анықтамасы
ҚазақстанРеспубликасы Үкіметінің «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізілімін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 18.09.2013 жылғы № 983 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 11.02.2022 жылғы№ 42 НҚ қаулысымен бекітілген мемлекеттік қызметтер тізіліміне сәйкесАқтау қаласының әкімдігімен көрсетілуі тиіс қызметтер түрі – 62.
2022 жылдың І тоқсанында қала әкімдігіне қарасты мемлекеттік қызмет көрсететін Өмірзақ ауылы әкімдігі, Ақтау қаласының қорғаныс істері жөніндегі басқармасы РММ және 9 мемлекеттік мекеме арқылы 49 (ЖАО-7, ХҚКО-21, Эл-47) мемлекеттік қызмет түрінен-19788қызмет көрсетілді.
Оның ішінде Мемлекеттік органарқылы (ведомстволық бағыныстағы мекемеде) қағаз түрінде көрсетілген қызметтің саны –88,«электрондық үкімет» веб-порталы және (немесе) мемлекеттік корпорацияарқылы көрсетудің мүмкіндігі бар мемлекеттік қызметтердің мемлекеттік орган арқылы көрсетілгені – 851, ХҚКО арқылы –5227, электрондық портал арқылы – 13622қызмет көрсетілді.
Бас тартылғандар саны – 1390, оның ішінде электрондық түрінде – 1038, қағаз түрінде - 352.
Мемлекеттік қызметтерді электрондық түрде алудың тиімділігі және мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыру мақсатында қала тұрғындарына 2022 жылдың Ітоқсанында26 түсіндіру іс-шарасы (қатысушылар саны -763) өткізілді.Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер бойынша біліктілікті арттыру курстарынан өткен қызметкерлердің саны - 4.
Ақтау қаласының әкімдігіне қарасты Өмірзақ ауылының әкімдігімен 2 қызмет түрі көрсетіледі. Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу - 3, Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру-13.
Ақтау қаласы әкімінің 21.12.2021 жылғы № 47-ө «2021 жылға арналған мемлекеттік көрсетілетін қызметтер саласындағы заңнамасының және Қазақстан Республикасының өзге заңнамасының сақталуы бойынша Ішкі мемлекеттік бақылау іс-шараларының жоспарын бекіту туралы» өкіміне сәйкес, 1 объектіге ішкі бақылау шарасы жүргізілді (1 мемлекеттік мекеме). Тексеру барысында 41 кемшілік анықталды:
Қызмет көрсету кезінде бизнес процесін бұзу фактілері-37
Қызмет көрсетуде анықталған өзге де кемшіліктер – 4;
Анықталған кемшіліктерді жою және алдағы уақытта болдырмау мақсатында 8 ұсыным (2 ұсыным орындалды, 6ұсыным бекітілген жоспарына сәйкес сәуір айында және жыл соңына дейін орындалады)жолданды.
2022 жылдың Ітоқсанында мемлекеттік қызмет көрсету кезінде мерзім бұзушылық орын алмады және қызмет алушылардан шағым түскен жоқ.
Қазіргі таңда қала аумағында 41(25 білім беру ұйымдарында, Ақтау қаласы әкімдігінің сервис орталығы-1, Ақтау қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің ғимаратында-10, «Абай» МДК-1, Өмірзақ ауылы әкімдігі-1, АХАТ ғимаратында-1, Ақтау қалалық орталық кітапханасында-1, Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі ғимаратында-1, ) өзіне-өзі қызмет көрсету бұрыштары жұмыс жасап тұр. 2022 жылдың І тоқсанында «өзіне-өзі» қызмет көрсету бұрыштары арқылы 106 қызмет алынды.
Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің 28.12.2021 жылғы № 511 бірлескен бұйрығына сәйкес «Семей ядролық сынақ полигонында ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды тіркеу, біржолғы мемлекеттік ақшалай өтемақы төлеу, куәлік беру» мемлекеттік қызмет түрі ақпан айында электронды түрде «Е-собес» ақпараттық жүйесіне өтінім түсіп, уақытылы жауап берілді. Жауап қызмет алушының жеке кабинетіне түсті.
Сервистік әкімдіктер бойынша
Ақтау қаласы әкімдігінің ғимаратында орналасқан сервистік әкімдікте қала әкімінің орынбасарлары әр апта сайын, ал мемлекеттік мекеме қызметкерлері, яғни қалалық жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы, тұрғын үй шаруашылығы, ауыл шаруашылығы бөлімдері азаматтарды жеке сұрақтарымен күнделікті қабылдап, кеңестер беріліп тізілімге сәйкес қағаз жүзінде көрсетілетін мемлекеттік қызметтер көрсетіледі.
Бұдан бөлек, «Ақтау қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі күрделі жөндеуден өтіп 29 шағын аудандағы «Заветная мечта-2» ғимаратының бірінші қабатына көшірілді.
Бұл бағытта да халыққа қолайлы жағдай жасау мақсатында, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі «Бизнес-офис» (Open Space) форматына ауысып, электрондық кезек, ресепшен тіркеу алаңдары арқылы қызмет көрсетуде(Халыққа қызмет көрсету орталығы (ЦОН) тектес). Қызмет көрсету алаңында 4 жұмсақ диван мен 40 адамға арналған күтіп-отыру орындықтарымен жабдықталып, өзіне-өзі қызмет көрсету бұрыштары орналастырылған.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді мониторингілеу бөлімінің 2022 жылға арналған жұмыс жоспарына І тоқсаныда атқарған жұмыстары:
Қаңтар айы: Ақтау қалалық жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімінің бас маманы К. Жайық ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша департаментінің мемлекеттік көрсетілетін қызметтер басқармасының мамандарымен мемлекеттік көрсетілетін қызметтер бойынша тәжірибе алмасты.
25.01.2022 ж. Ақтау қалалық тұрғын үй инспекциясының бас маманы А. Бисенов тізілімге енгізілген «Қауіпті өндірістік объектілерді салуға, кеңейтуге, реконструкциялауға, жаңғыртуға, консервациялауға және жоюға арналған жобалау құжаттамасын келісу»қызметі бойынша ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің Маңғыстау облысы бойынша департаменті мамандарымен тәжірибе алмасты.
31.01.2022 ж. Ақтау қалалық жер қатынастары, сәлет және қала құрылысы бөлімімен көрсетілетін мемлекеттік қызметтеріне (жер саласы бойынша) мемлекеттік құқықтық жұмыс бөлімінің маманымен кешенді талдау жұмыстары жүргізілді. Талдау жұмыстары кезінде 2021 ж. қызмет көрсетуде орын алған заңбұзушылықтар мен мерзімбұзушылықтар, қызмет көрсетуде орын алған бас тартулар және нормативтік құқықтық актілері талқыланды.
Ақпан айы:ағымдағы жылдың 7-11 ақпан аралығында Ақтау қалалық халықты жұмыспен қамту орталығының директоры А. Елшібекқызы Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығының мамандарымен тәжірибе алмасты.
23.02.2022 ж. Ақтау қалалық дене шынықтыру және спорт бөлімімен көрсетілетін мемлекеттік қызметтерді талқылау бойынша ХҚКО мамандарымен бірлескен семинар өтті.
28.02.2022 ж. Ақтау қалалық экономика және бюджетті жоспарлау бөлімінің маманы көрсетілетін мемлекеттік қызметтер бойынша Мұнайлы аудандық экономика және қаржы бөлімінің мамандарымен тәжірибе алмасты.
22.02.2022 ж. Ақтау қалалық азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімінің мамандары көрсетілетін мемлекеттік қызметтер бойынша Маңғыстау облысының әділет департаментінің мамандарымен тәжірибе алмасты.
16.02.2022 ж. Ақтау қаласы әкімінің инстаграм және фейсбук парақшаларында тікелей эфир арқылы жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы, халықты жұмыспен қамту және ауылдық елді мекендерге жұмыс істеуге және тұруға келген мамандарға әлеуметтік қолдау шараларын көрсету салалары бойынша онлайн жәрмеңке өткізілді. Тікелей эфирде мамандар мемлекеттік қызметтер туралы толық ақпараттар беріп, тұрғындардың сұрақтарына жауап берді. Тікелей эфир кезінде қамтылған адам саны-74.
Наурыз айы: 02.03.2022 ж. Ақтау қалалық тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық және 31.03.2022 ж. Ақтау қалалық жер қатынастары, сәлет және қала құрылысы бөлімдерімен көрсетілетін мемлекеттік қызметтеріне (сәулет және қала құрылысы саласы бойынша) көрсетілетін мемлекеттік қызметтеріне мемлекеттік құқықтық жұмыс бөлімінің мамандарымен кешенді талдау жұмыстары жүргізілді. Талдау жұмыстары кезінде 2021 ж. қызмет көрсетуде орын алған заңбұзушылықтар мен мерзімбұзушылықтар, қызмет көрсетуде орын алған бас тартулар және нормативтік құқықтық актілері талқыланып, заңға түсініктер берілді.
09.03.2022 ж. Ақтау қаласы әкімінің орынбасары Ә. Байпақовтың төрағалығымен қорғаныс істері саласы бойынша көрсетілетін «Әскери қызметке шақыруды кейiнге қалдыру» және «Азаматтарды әскери қызметке шақырудан босату» мемлекеттік қызметтерінің көрсетілу тәртібін талқылау бойынша жиналыс өтті.
Жиын барысында, Ә. Байпақов мемлекеттік көрсетілетін қызметтерге жауапты мамандарға мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыруды және нормативтік құқықтық актілерге сәйкес қызмет көрсетуді басшылыққа алуды тапсырды.
10.03.2022 ж. мемлекеттік қызметтерді көрсететін жауапты мамандардың қатысуымен Мемлекеттік корпорацияның ХҚКО қызметкерлерімен бірігіп семинар өткізілді. Шара барысында ХҚКО арқылы көрсетілетін қызметтерге құжаттарды қабылдау кезінде олардың дұрыстығына назар аударуды және ақпараттық жүйеге тиісті мәліметтерді дұрыс енгізу бойынша түсінік жұмыстары жүргізіліп, қызметтердің көрсетілу тәртібі талқыланды.
Ақтау қаласы әкімінің аппараты мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің электронды түрде алу тиімділігін түсіндіру мақсатында «Ақпарат айдыны» республикалық газетінің 17.03.2022 жылғы №48(471) нөмеріне мақала жариялады.