Ақтау қаласының әкімдігінің 2022 жылғы 15 ақпандағы №02-02/236 «Ақтау қаласына бірыңғай сәулеттік келбетті беруге бағытталған, көппәтерлі тұрғын үйлердің қасбеттерін, шатырларын ағымдағы
немесе күрделі жөндеу жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыру және
жүргізу қағидаларын бекіту туралы»
қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңының 10-3-бабының 2-тармағының 11) тармақшасына, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31-бабының 1-тармағының 16-5) тармақшасына сәйкес, Ақтау қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
3 тарау 11 тармағындағы қазақ тіліндегі нұсқасы:
«Сараптаманың оң қорытындысын және ағымдағы жөндеудің сметалық құны немесе көппәтерлі тұрғын үйлердің қасбетін, шатырын күрделі жөндеудің жобалау-сметалық құжаттамасы бекітілгеннен кейін Тұрғын үй инспекциясы бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган айқындаған тәртіпке сәйкес бюджеттік өтінім жасайды.» деген сөздері « Көппәтерлі тұрғын үйлердің қасбеттерімен шатырларын ағымдағы және күрделі жөндеудің жобалау-сметалық құжаттамалары бекітіліп, сараптаманың оң қортындысы алынғаннан кейін, Тұрғын үй инспекциясы бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган айқындаған тәртіпке сәйкес, бюджеттік өтінім жасайды.» деген сөздерімен ауыстырылсын;
3 тарау 11 тармағындағы орыс тіліндегі нұсқасы:
«После получения положительного заключения экспертизы и утверждения сметной стоимости текущего ремонта или проектно-сметной документации капитального ремонта фасада, кровли многоквартирных жилых домов, Жилищная инспекция составляет бюджетную заявку в соответствии с порядком, определенным центральным уполномоченным органом по бюджетному планированию.» деген сөздер «После утверждения проектно-сметной документации на текущий и капитальный ремонт фасадов, кровель многоквартирных жилых домов и получения положительного заключения Жилищная инспекция составляет бюджетную заявку в соответствии с порядком, определенным центральным уполномоченным органом по бюджетному планированию.» деген сөздермен ауыстырылсын.
|
Ақтау қаласының әкімі |
|
Н. Қилыбай |