Ақтау қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
- Ақтау қаласының әкімдігінің 2021 жылғы 27 желтоқсандағы №02-02/2363 «Ақтау қаласының әкімдігінің 2019 жылғы 20 мамырдағы №1073 «Ақтау қаласы аумағында кандидаттарға сайлаушылармен кездесуі үшін шарттық негізде үй-жайлар беру және үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар белгілеу туралы» қаулысына өзгерістер енгізу туралы» қаулысына өзгерістер енгізу туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №26576 болып тіркелген) қаулысына келесі өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулының тақырыбындағы «анықтау» деген сөз «белгілеу» деген сөзбен жаңа редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтіні өзгермейді;
көрсетілген қаулымен бекітілген қосымшаның «Үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар» деген бағанындағы 2 және 4- жолдағы «тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының» деген сөздер «архивтер және құжаттама басқармасының» деген сөздермен жаңа редакцияда жазылсын;
көрсетілген қаулымен бекітілген қосымшаның «Үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар» деген бағанындағы 13 тармағы 14-шағын аудан, «Ынтымақ» алаңына қарсы орналасқан аялдаманың артында.
- «Ақтау қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі осы қаулының Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.
- Осы қаулының орындалуын бақылау Ақтау қаласы әкімінің орынбасары Ә. Байпақовқа жүктелсін.
- Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»
Ақтау қалалық аумақтық
сайлау комиссиясы