Ақтау қаласының әкімі ШЕШТІМ:
- «Ақтау қаласында сайлау учаскелерін құру туралы» Ақтау қаласы әкімінің 2019 жылғы 27 ақпандағы №1 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3827 болып тіркелген) шешіміне мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген шешімнің қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
- «Ақтау қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі осы шешімнің Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.
- Осы шешімнің орындалуын бақылау Ақтау қаласы әкімінің орынбасары Ә. Байпақовқа жүктелсін.
- Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.