2022 жылдың наурыз – маусым және қыркүйек – желтоқсан айларында азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыруды ұйымдастыру туралы

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» және 2012 жылғы 16 ақпандағы «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» Заңдарына, Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 04 наурыздағы № 827 «Белгіленген әскери қызмет мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2022 жылдың
наурыз – маусым және қыркүйек – желтоқсан айларында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы» Жарлығына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 15 мамырдағы № 620 «Қазақстан Республикасының азаматтарын әскери қызметке шақыруды ұйымдастыру мен жүргізу қағидаларын бекіту туралы» қаулысына сәйкес, Ақтау қаласының
әкімдігі КАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Ақтау қаласының әскерге шақыру комиссиясының дербес құрамы
    осы қаулының 1 қосымшасына сәйкес бекітілсін.
  2. Ақтау қаласының әскерге шақыру комиссиясының резервтік құрамы
    осы қаулының 2 қосымшасына сәйкес бекітілсін.
  3. Ақтау қаласының әскерге шақыру комиссиясының уақыты және жұмыс кестесі осы қаулының 3 қосымшасына сәйкес бекітілсін.
  4. Ақтау қаласының емдеу мекемелерінің басшылары өз құзіреті шегінде:

1) Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің «Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде әскери-дәрігерлік сараптаманы жүргізу қағидасын және әскери-дәрігерлік сараптама органдары туралы ережені бекіту туралы» 2015 жылғы 2 шілдедегі № 37 бұйрығына сәйкес, азаматтарды медициналық куәландырылуы бойынша ұйымдастыру шараларын қабылдасын;

2) Медициналық комиссияның дербес және резервтік құрамы бұйрықпен толық бекітілсін.

  1. «Ақтау қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесіне, өз құзіреті шегінде қоғамдық қызметтерді ұйымдастыру кезінде Ақтау қаласының қорғаныс істері жөніндегі басқармасына, әскерге шақыруды өткізу кезеңінде, көмек көрсету үшін қоғамдық қызметкерлерді жіберу қажеттілігі ескерілсін.
  2. «Ақтау қалалық полиция басқармасы» мемлекеттік мекемесі өз құзіреті шегінде мерзімді әскери қызметке азаматтарды әскерге шақыруды өткізуін қамтамасыз ету бойынша қажетті ұйымдастыру шараларын қабылдасын.
  3. «Ақтау қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі өз құзіреті шегінде:
  • шақыру комиссиясының жұмысын оргтехникамен, кеңсе тауарларымен, бланкі өнімдерімен және дәрі-дәрмектермен, құрал-сайманмен, медициналық және шаруашылық мүлікпен және көрнекілік үгіт материалдарын қаржыландыруды қамтамасыз етсін;

2) жалпы әскери міндеттілікті орындауды қамтамасыз етумен байланысты шараларды, Ақтау қаласы әкімі аппаратының бюджетінде осы мақсатқа қарастырылған қаражат көлемінде, қаржыландыруды жүргізсін.

  1. «Ақтау қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесі өз құзіреті шегінде Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері, басқа да әскерлері мен әскери құрылымдары қатарына шақырылған шақырылушыларды шығарып салу рәсімдерін өткізу жөніндегі мерекелік шараларды ұйымдастырсын.
  2. «Ақтау қаласының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесі өз құзіреті шегінде:
  • шақырудың басталуы және оның барысы туралы бұқаралық-ақпарат құралдары арқылы ақпараттық хабарландыруды ұйымдастырсын;
  • азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыру туралы көрнекілік үгіт материалдары дайындалып, Ақтау қаласының аумағында орналастырылсын.
  1. Осы каулының орындалысын бақылау қала әкімінің орынбасары Ә.Ж.Байпақовқа жүктелсін және каулының орындалысы туралы қала әкімдігіне 2022 жылдың 15 шілдесінде және 2023 жылдың 15 қантарында ақпарат берілсін.
  2. Осы каулы қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.

 

 

Қала әкімі м.а.                                                                          Е. Ізбергенов

Дата публикации
11 марта 2022