«Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға Ақтау қаласы әкімдігінің ішкі конкурс өткізу туралы хабарландыруы

Ішкі конкурс қатысушыларына арналған ортақ біліктілік талаптар

 

            Е-3 санаты үшін: жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім;

мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық,жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану,адалдық, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау,көшбасшылық;

жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

1) мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі бір жылдан кем емес;

2) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі екі жылдан кем емес;

3) Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана, аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі бір жарым жылдан кем емес;

4) жоғары және жоғары оқу орындарынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;

5) ғылыми дәрежесінің болуы;

6) Президенттік жастар кадр резервіне алынған тұлғалар үшін жұмыс өтілі

бес жылдан кем емес;

7) кеңесші және көмекші лауазымына жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

 

Әкімшілік мемлекеттік қызметшілердің лауазымдық жалақысы:

Санаты

Еңбек сiңiрген жылдарына байланысты

Е-3

min

max

263 131

302 255

 

Маңғыстау облысы «Ақтау қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің персоналды басқару қызметі, 130000, Ақтау қ., 4 шағын аудан, № 72 ғимарат, 3-қабат, 315 бөлме, анықтама алу телефондары:8 (7292) 33-65-13, тел/факс: 33-65-13, e-mail: nu.ibragimova@mangystau.gov.kz  «Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымға орналасуға Ақтау қаласы әкімдігінің мемлекттік қызметшілері арасында бос мемлекеттік әкімшілік лауазымға орналасуға ішкі конкурс

жариялайды:

 

  1. «Ақтау қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі мемлекеттік-құқықтық жұмыс бөлімінің басшысы, Е-3 санаты, 1 бірлік.

            Функционалдық міндеттері: Ұйымдастыру-құқықтық мәселелерге қатысты әкімнің шешімдері мен өкімдері және әкімдіктің қаулыларының уақытында орындалуын бақылайды, Қазақстан Республикасының қолданыстағы заң талаптарының, қала әкімімен және әкімдігімен қабылданған шешімдердің, өкімдердің және қаулылардың орындалуын бақылауды қамтамасыз етеді, қандай да бір құқық бұзушылығы бар құжаттарға өзгерту немесе жою жөнінде өзінің ұсынысын енгізеді; қала әкімінің және қала әкімдігіне қарасты мемлекеттік мекемелер мен кәсіпорындардың мүддесін қорғайтын өкіл ретінде соттарға қатысады; бөлімге келіп түскен құжаттардың орындалуын бақылауға алады; Әділет органдарында мемлекеттік тіркеуге жолданатын нормативтік құқықтық актілердің уақытылы жолдануына бақылау жүргізеді; қала әкімі аппаратында құқықтық жалпыға бірдей оқуды ұйымдастыру және оны жүзеге асырады, қолданыстағы заңнамаларды насихаттау бойынша іс шаралар әзірледі; құқықтық сұрақтар бойынша қала әкімімен шақырылған жиналыстарға және қалалық маслихат комиссияларының отырыстарына қатысады; бөлімге келіп түскен заңды және жеке тұлғалардың хаттарына,  шағымдары мен арыздарына жауап береді; қала әкімі аппаратының және қала әкімдігіне қарасты мемлекеттік мекемелер қызметінде туындайтын құқықтық сұрақтар бойынша кеңес, қортынды, анықтамаларын береді; жаңа үлгідегі жабдықтарды пайдалана отырып құқықтық актілердің жүйелік есебін және сақталуын ұйымдастырады. Ақпараттық қауіпсіздік талаптарын сақтайды.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім. Құқық (құқықтану, құқық қорғау қызметі).

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:

1) осы Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес нысандағы өтініш (бұдан әрі – Өтініш);

          2) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының 2021 жылғы 10 қыркүйектегі № 158 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 24350 болып тіркелген) бекітілген, тиісті персоналды басқару қызметі құжаттарды тапсыру күніне дейін күнтізбелік 30 күн ішінде растаған мемлекеттік қызметшінің қызметтік тізімі.

      Кандидаттар жарияланған лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі барын растайтын құжаттарды ұсына алады.

            Құжаттарды қабылдау мерзімі (3 жұмыс күні), ол ішкі конкурс өткізу туралы хабарландыру уәкілетті органның интернет-ресурсында жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күнінен бастап есептеледі;

            Ішкі конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар конкурс жариялаған мемлекеттік органға құжаттарын электронды түрде «Е-қызмет» интегралды ақпараттық жүйесі не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық пошта мекенжайына құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады.

Кандидаттар жарияланған лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі барын растайтын құжаттарды ұсына алады.

Ішкі конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге жіберілген кандидаттар оны әңгімелесуге кандидаттарды жіберу туралы оларды хабардар еткен күннен бастап үш жұмыс күн ішінде конкурс жариялаған мемлекеттік органдарда өтеді.

Ішкі конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге жіберілген кандидаттармен әңгімелесу қажет болған жағдайда қашықтық бейнебайланыс құралдары арқылы өткізілуі мүмкін.

Әрбiр кандидатпен әңгімелесу, эссе жазу, сондай-ақ іріктеудің басқа құралдарын өткізу барысы техникалық бейнежазба құралдарының көмегімен белгіленеді.

Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады.

Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде он сегіз жасқа толған Қазақстан Республикасының азаматтары, оның ішінде мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның  жұмыскерлері қатыса алады.

Байқаушы ретінде конкурс комиссиясының отырысына қатысу үшін адам әңгімелесу басталғанға дейін екі сағаттан кешіктірмей персоналды басқару қызметін (кадр қызметін) хабардар етеді.

Хабардар ету конкурс өткізу туралы хабарландыруда көрсетілген телефон бойынша немесе электронды пошта бойынша жүзеге асырылады.

Конкурс өткізу барысында сарапшыларды шақыруға жол беріледі. Сарапшы ретінде конкурс жариялаған мемлекеттік органның жұмыскері болып табылмайтын, бос лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес облыстарда, соның ішінде ғылым саласында жұмыс тәжірибесі бар адамдар, сондай-ақ персоналды іріктеу және жоғарылату бойынша мамандар, басқа мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері, Қазақстан Республикасы Парламентінің және мәслихаттардың депутаттары қатыса алады.

Хабардар ету конкурс өткізу туралы хабарландыруда көрсетілген телефон бойынша немесе электронды пошта бойынша жүзеге асырылады.

Шағым жасау тәртiбi:

Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртiбiнде конкурс комиссиясының немесе персоналды басқару қызметінің (кадр қызметінің) шешiмiне шағымдана алады.

Конкурс комиссиясының шешімі қабылданған күннен бастап бес жұмыс күннен кешіктірмей уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне конкурс комиссиясының немесе персоналды басқару қызметінің (кадр қызметінің) шешіміне шағым беру, уәкiлеттi органның немесе оның аумақтық бөлiмшесiнiң келіп түскен шағым бойынша тиісті шешім қабылдауына дейін конкурс комиссиясының шешімінің қолданылуын тоқтата тұруға негіз болып табылады.

 

 

 

 

«Б» корпусының мемлекеттік

әкімшілік лауазымына

орналасуға конкурс өткізу

қағидаларының

2-қосымшасы

 

 

Нысан

 

      __________________________
(мемлекеттік орган)

Өтініш

Мені ______________________ бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасу конкурсына қатысуға жіберуіңізді сұраймын.

"Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидаларының негізгі талаптарымен таныстым, олармен келісемін және орындауға міндеттеме аламын.

Менің жеке мәліметтерімді, оның ішінде психоневрологиялық және наркологиялық ұйымдардан мәліметтерімді жинауға және өңдеуге рұқсатымды білдіремін.

 

Мемлекеттік органның интернет-ресурсында менің әңгімелесуімнің бейнежазбасын транляциялауға және орналасуға келісім беремін __________________

(иә/жоқ)

Ұсынылып отырған құжаттарымның дәйектілігіне жауап беремін.

Қоса берілген құжаттар:

______________________

______________________

______________________

Мекен жайы: ______________________

Байланыс телефоны: ______________________

e-mail: ______________________

ЖСН: ______________________

 

_________                                       ___________________________

      (қолы)                                     (Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда))

    

  «___»_______________ 20 __ ж.

Дата публикации
05 марта 2022