Ақтау қаласының қоғамдық кеңесінің құрамын бекіту туралы шешім

2022 жылғы   25 ақпан №11/94

 

Ақтау қаласының қоғамдық

кеңесінің құрамын бекіту туралы      

 

 

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы  жергілікті  мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6 бабы 1 тармағының 15) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2021 жылғы 26 ақпандағы № 69 бұйрығымен бекітілген  Қоғамдық кеңес туралы үлгілік  ереженің 32 тармағына сәйкес Ақтау қалалық мәслихаты ШЕШТІ:

  1. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес Ақтау қаласының қоғамдық кеңесінің құрамы бекітілсін.
  2. Қалалық мәслихаттың 2019 жылғы 26 ақпан №23/253 «Ақтау қаласының Қоғамдық кеңесінің құрамын бекіту туралы» шешімінің күші жойылсын.
  3. Осы шешім қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

              

Қалалық мәслихат

хатшысы                                                                                    С.Зәкенов

                                                                                                         

 

 

Ақтау қалалық мәслихатының

               2022 жылғы 25 ақпандағы                            №11/94  шешіміне қосымша

 

 

Ақтау қаласының қоғамдық кеңесінің

құрамы

 

1

Амралиев Руслан Мұхамбетұлы

«OMS Shipping» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі бас директорының міндетін атқарушы

2

Баймагамбетов Тілеп

 Жұмаұлы

«Қамқор қауымдастық» заңды тұлғалар және жеке кәсіпкерлер бірлестігінің төрағасы

3

Бегимов Әлібек Нәбиұлы

 «НУР-ТЕМИР ЛТД» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры

4

Гайбатов Руслан Шахларович

«Kazakhstan Active Rehabilitation» қоғамдық қорының директоры

5

Дүйсен Әлібек Адамбергенұлы

«Шотан батыр» қоғамдық қорының директоры

6

Есетова Гүлзира Бүркітқызы

«Саламатты ел» қоғамдық қорының директоры

7

Ким Ада

Николаевна

«Бозашы Транс Құрылыс» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің экономисті

8

Қонарбаев Аллаберген Азербайжанұлы

«Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясы» қоғамдық бірлестігі Маңғыстау облысы филиалының үйлестірушісі, Қазақстан Республикасы  Журналисттер одағының мүшесі

9

Проняева Ирина Владимировна

«Алас» қоғамдық қорының директоры

10

Сарсенова Марал Болшымбайқызы

«Қазақстан халық партиясы» қоғамдық бірлестігі Маңғыстау облысы филиалының заңгері

11

Үмбетова Жаңагүл Жұмахметқызы

Ақтау қаласы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі жанындағы жатақхана меңгерушісі

12

Іңірбай Есберген Іңірбайұлы

қала әкімдігі жанындағы ардагерлер кеңесінің мүшесі

13

Байпақов Әбілқайыр Жаңайұлы

қала әкімінің орынбасары

14

Құбашев Жетібай Бопышұлы

Өмірзақ ауылының әкімі

15

Нұржаубай Асқар Қолғанатұлы

 қала әкімінің аппарат басшысының міндетін атқарушы

16

Байбозов Болат Шаңдыұлы

 қалалық тұрғын үй коммуналдық-шаруашылық бөлімінің басшысы

17

Сұлтанбаева Меруерт Құлмұратқызы

 қалалық ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімі басшысының міндетін атқарушы



Дата публикации
01 марта 2022