Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша мониторинг жасау бөлімінің Ақтау қаласы әкімі аппаратының құрылымдық бөлімі болып табылады. Қызмет көрсету бойынша мониторинг жасау бөлімі өз қызметі мен міндеттерін жүзеге асыруда Қазақстан Республикасының Конституциясын және Заңдарын, Президенттің, Үкіметтің заңнамалық актілерін, «Ақтау қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің Ережесін, қала әкімі аппаратының жұмыс кестесін және осы Ережені басшылыққа алады.
Бөлімнің штаттық саны қала әкімімен бекітіледі. Бөлім оның басшысы мен бас маманнан тұрады.
Бөлім басшысы уақытша қызметте болмаған кезде оның міндеттерін бөлім басшысының ұсынуымен қала әкімінің өкімімен бөлімнің бас маманы атқарады.